«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы  Көкшетау қаласының «Айша» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли - сад «Айша» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области» 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Айша» бөбекжайы Ата-аналар Академиясынының құрылуы туралы ақпарат.

2023 жылы 13 наурызда «Айша» бөбекжайында меңгеруші және Қамқоршылық кеңесінің қатысуымен Ата-аналар Академиясының алғашқы отырысы өтті. Отырыста Ата-ана Академиясының құрамымен таныстырылып, ата-аналарға арналған Академия ережесі түсіндіріліп өтті. 

Жалпы бұл балалардың білімі мен тәрбиесінің дамуына, отбасылық қарым-қатынастың нығаюына әсер етіп, қоғамдық және жанұя тәрбиесіне қатысты бірқатар мәселелердің шешімін табуға бағытталған жоба. Ойлау мен мінез-құлықты өзгерту арқылы жауапты және жағымды ата-аналық ұстаным дағдыларын қалыптастыру, балалармен қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту. Ата-ана позициясы – ата-ананың өзіне, баласына, отбасына, руына, тәрбиешіге, білім беру ұйымына, жалпы білімге деген қарым-қатынасының жиынтығын қалыптастыру мақсатында балабақша ата-аналарының құрамынан Ата-аналар Академиясы құрылды. Сондай – ақ,  өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен білім сапасын жақсартуда бөбекжайға ата-аналар тарапынан қолдау керектігін алға тартты. Сонымен қатар, ата-аналар Академиясының жұмыс жоспарымен таныстырып өтті. Ата-аналардың барлығы дерлік қолдау көрсетіп, келісімін берді.

 

 

 

Жаңартылған күні: 16.03.2023 17:43
Құрылған күні: 16.03.2023 17:43

Текст