Дәрумен К
Қанның ұюына қаты-
сатын қасиетке ие. Өсімдік-тердің көктеп өсетін бөлік-терінде (жасыл
жапырақты саумалдық, түбірлі және жапырақты қырыққабат (капуста),
қалақай және т.б.), сәбізде де, томат құрамында бар.
Дәрумен Р Адам ағзасындағы жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырады, қызме-тін қалыпқа түсіреді. Осынау
биологиялық заттар С дәру-менімен араласқанында өте тиімді әсер етеді. Р дәрумені шайдың (әсіресе көк шай-
дың) құрамында, итмұрында, лимонда, құрмада, қара қа-рақатта, жүзімде, өрікте, қара-
құмық ұнтағында көп мөлшер-де бар.
Дәрумен РР Бұл дәрумен мынандай тағамдар мен көкөніс, жеміс-жидектерде
бар: бауыр, бүйрек, ашытқы, ет, сүт, бұршақ, бидай ұны (жеткілікті
мөлшерде). РР дәрумені жетіспегенде тез
шаршағыштық, әлсіздік, ашушаңдық, ұйқысыздық пайда болады.
В6 бидай, бауыр, ет, бүйрек, жұмыртқа, күріш жармасында кездеседі.
В12 дәруменінің физикалық рөлі өте зор. Оның зат алмасуына, жүйке жүйесіне, қанның құрамына үлкен әсері бар.
Көбінде піскен ет, бауыр, бүйрек, жұмыртқа, сүттің құрамында көп болады.
С дәрумені итмұрын, қарақат, пияз, қызанақ, картоп, капуста, алма, апельсин, бүлдірген, қарбыз, сәбіз, қияр, жүзім, алмұрт, асқабақ құрамында болады.
Д дәрумені ол жұмыртқа, сары май, қаймақ, сүт, саңырауқұлақ, балық майы құрамына енеді.
Е дәрумен
Ол бұлшық еттердің, жыныс бездерінің қызметін жақсарту үшін керек.
Ағзаны, тінді жә-не жасушаларды зиянды еркін радикалдардан қорғайды.
Тоқ ішектің қатерлі ісігіне жол бермейді. Оның кездесетін тағамдары:
фундук, қара нан, зәйтүн майы (мол кездеседі) және басқа да өсімдік
майы, жаңғақ, бұршақ, жүгері тұқымдары, көкөністер, мал-дың бауыры,
жұмыртқа, сүт.
Дәрумендер
Жеміс-жидек, көкөніс, өсімдік шырыны, міне осының бәрі дәруменге бай. Тамақтанған кезде алдымен осылардан бастаған дұрыс.
А дәрумені сарғыш не қызыл түсті тағамдарда кездеседі. Олар - сәбіз, қауын, қызанақ, балық майы, сиыр бауыры, жұмыртқа, сары май, ірімшік, рауғаш, қаймақ.
В1 дәрумені ашытқы, бауыр, сәбіз, сүт, саңырауқұлақ құрамында көп кездеседі. Күнделікті тағамда бұл дәрумен жеткіліксіз болса, көбінесе жүйке жүйесі зақымданады, сондықтан тәулігіне 2-3 мг В1 дәрумені қажет.
В2 дәрумені ашытқы, бауыр, жұмыртқа, сүт, ірімшік, қара нан, ет, балық, көкөністерде кездеседі.
Көлденең кесілген сәбіз тілімі адамның көзіне ұқсайды. Ғылыми зерттеулер нәтижесінде сәбіз көздің қан айналымын және көру қабілетін жақсартатыны анықталған.
Қызанақ та адамның жүрегі секілді төрт камерадан тұрады және қызыл түсті. Барлық зерттеулер қызанақтың жүрек және қан айналымына өте пайдалы екеніндігін көрсетеді.
Иісті балдыркөк (сельдерей), қытай қырыққабаты және рауғаш (ревень) сүйектерге ұқсайды. Бұл азықтар сүйекке өте пайдалы, натрий мөлшерлері бірдей және 23 %-ын құрайды. Күнделікті азығымызда натрий жетіспеген жағдайда, дене бұл қажеттіліктерін сүйектерден ала бастайды бұның салдарынан сүйек әлсірейді. Ал бұл азықтар қаңқаларымыз үшін өте пайдалы.
Жаңғақ мидың сыртқы көрінісіне ұқсайды және ми қызметтері үшін өте пайдалы.
Батат (тәтті картоп) ұйқы безіне ұқсайды және қант диабетіне пайдалы және оның гликемикалық көрсеткішін реттейді.
Шоқ жүзім жүректің сыртқы пішініне ұқсайды. Ал жүзімнің әрбір данасы қан жасушалары іспеттес. Зерттеулерде жүзімнің жүрек пен қанды сергітуші азық екендігі анықталған.