МКҚК «Айша» бөбекжайына
Тәрбиеші қажет
Байланыс телефоны: 8(7162) 25-33-82
aisha-sad@bk.ru
Көкшетау қаласы Ж.Тлеулина көшесі 61
№______Тәрбиешінің лауазымдық нұсқаулығы
- Лауазымдық міндеттері.
- Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғау қызметін қамтамасыз етеді: тәрбиеші қызметінің денсаулық сақтау функциясын атқарады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортаны қалыптастырады, балалардың шығармашылығына (ойындық, танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу және т.б.) жетекшілік етеді. Балалармен жұмыс істеу кезінде жекелей және бағыттық жағынан қарайды. Дамуында ауытқу байқалатын балалармен түзеу қызметі саласында еңбек ететін мамандармен бірлесе жұмыс жасайды; жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топтағы балалардың жеке талаптарын ескере отырып тәрбие-білім беру жұмыстарын жоспарлайды. Тәрбиелеу мен оқыту қызметін қол жеткен жетістіктерді қорытындылай отырып жоспарлайды. Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен қалыпты жағдайда дамып келе жатқан балалардың мектеп жасына жеткенде мүмкіндіктерінің тең дәрежеде болуын қамтамасыз ету үшін бірге тәрбиелеу және оқыту арқылы оларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады. Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі әрбір баламен жеке жұмыс жүргізеді. Тәрбиелеудің инновациялық технологиясын және оқытудың отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын зерделеумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады.
- Білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) күн тәртібінің, үй тапсырмаларының орындалуын, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуын ұйымдастырады.
- Қосымша білім алуда және демалысты ұйымдастыруда, оқытуда көмек көрсетеді, оларды қызығушылықтары бойынша біріктіретін көркем және ғылыми – техникалық шығармашылыққа, спорт секцияларына, үйірмелерге тартады.
- Сабақтан тыс уақытта білім алушылармен (тәрбиеленушілермен) тәрбие жұмыстарын жүргізеді.Тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) жас ерекшеліктерін ескере отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена ережелерін сақтау жөнінде жұмысты ұйымдастырады.
- Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, өзіне қызмет көрсету әдеттерін қалыптастыру бойынша жұмыс жасайды, балалардың тамақтануын, үстел басында дұрыс отыруын, мәдениеттілігін қалыптастырады.
- Медицина қызметкерлері мен тәрбиеленушілердің денсаулығын жақсарту мен сақтауды қамтамасыз етеді, олардың психофизикалық жетілуін қалыптастыратын іс-шаралар ұйымдастырады, балалардың білім беру ұйымында сабақтан тыс уақыттағы өмірі мен денсаулығына жауапкершілік тартады.
- Дәрігер келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсетеді.
- Ата-аналарымен және әрбиеленушілердің (білім алушылардың) басқа да заңды өкілдерімен қарым-қатынаста болады. Ата-аналардың мектепке дейінгі бала тәрбиесі мен оқыту барысында туындаған сұрақтарына жауап беріп, көмек көрсетеді. Балалардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғайды.
- Топтарға бөлінген мүліктердің, әдістемелік әдебиеттердің, құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді, мүліктердің, оқу құрал-жабдықтары мен ойыншықтардың есебін жүргізеді, есеп береді және тәрбиешінің көмекшісінің жұмысын басқарады.
- Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді;
-Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жалпы мемлекеттік стандартын;
-Алғашқы медициналық көмек көрсетудің ережелерін;
-Педагогика мен жас ерекшелік психологиясын;
-Тәрбие мен оқытудың жалпы жеке әдістемесін,
-Оқу-бағдарламалық құжаттамаларды әзірлеудің принциптьері мен тәртібін;
-Педагогикалық жұмыстың тиімді формаларымен әдістерін;
-Балалардың медициналық – психологиялық-педагогикалық және анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін және жүйкелік-психикалық қызметін;
-Әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелендіру принциптерін;
-Оқытудың аудиовизуальды және интерактивті құралдарына қойылатын негізгі талаптарды;
-Еңбек қорғаудың, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын;
-Санитарлық ережелер мен нормаларды;
- Біліктілікке қойылатын талаптар:
-біліктілігі бірінші деңгейдегі тәрбиешіге қойылатын талаптарға жауап беруі, жоғары педагогикалық немесе техникалық кәсіптік білімі және жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.
-Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
-мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісіне қойылатын жалпы талаптарға жауап беру тиіс. -Біліктілікке қойылатын талаптар: кәсіптік техникалық педагогикалық білім және мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс.
-Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
-Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты тәрбиешіге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әдістерін, балалардың дамуындағы диагностика элементтерін меңгеруі, пәндік-дамытушылық ортаны құруға қатысуы тиіс.
-Біліктілікке қойылатын талаптар: кәсіптік техникалық педагогикалық білім және тәрбиеші лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл
-Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
-Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын жалпы талаптарға жауап беру, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балаларға білім беру мен тәрбиелеуде заманауи әдістерді және инновациялық технологияларды қолдану мақсатындағы ізденістерді жүзеге асыру тиіс.
-Біліктілікке қойылатын талаптар: кәсіптік техникалық педагогикалық білім және тәрбиеші лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жылдан кем болмауы тиіс.
Лауазымдық нұсқаулықпен таныстым:
________________________________________________
( Аты - жөні)
_____________________________________________
( қолы)
«___» ___________2022жылы