Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балалардың дене бітімінің дұрыс қалыптасуына көңіл бөлу. Спорттың денсаулыққа пайдасы зор екендігін түсіндіру.
Дамытушылық: Балалардың өз қабілеттерін оята білуге мүмкіндіктерін беру, алғырлықтарын, шапшаңдылықтарын, төзімділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: Саяхат барысында балаларды достыққа, салуатты өмір салтын қалыптастыру, ептілікке, жылдамдылыққа, бірлесіп әрекет жасай білуг тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат жасау сабағы
Әдіс-тәсілдері: Саяхат жасау, түсіндірмелі, көрсету, сұрақ-жауап, ойын.
Қажетті құрал-жабдықтар: ұзын жіп, таяқшалар, шығыршықтар, доп, гимнастикалық орындық, кеглилер, әр түрлі гүлдер музыка әуені.
Барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі. Балалар саппен дене шынықтыру залына кіреді.
Д/ш нұсқаушысы: Сап түзел тік тұр. Сәлеметсіңдерме балалар! Балалар, бізге бүгін бір жұмбақ хат келді. Өзінің бір жұпар иісі бар сияқты. Иісін сезіп тұрсыңдар ма? Қалай ойлайсыңдар бұл қандай жұпар иіс?
Балалар: Гүлдердің иісі сияқты.
Д/ш нұсқаушысы: Ия, менде гүлдердің иісін сезіп тұрмын. Мұнда не жазылып тұрғанын білгілерің келе ме? Ендеше бұл хатты ашып көрейік.
Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен гүлдер әлемінің Раушан ханшайымы боламын. Сендерден көмек сұраймын. Мыстан кемпір біздің гүлдердің бәрін жұлып, ойына келгенін істеп жүр. Келіңдер мен сендерді күтемін. Бірақ қай мекен-жайға келу керек екенін жазбапты. Енді не істейміз? Ол қай жерде тұрады екен? Көмекке барамыз ба?
Балалар: Гүлдер әлеміне. Барамыз.
Д/ш нұсқаушысы: Дұрыс балалар Раушан ханшайымына біз көмектесуіміз керек. Біз ол патшалыққа саяхат жасаймыз. Жолымыз ауыр болады сондықтан біз күш - қуат жинап алайық келістікпе балалар? Бәріміз дөңгеленіп отырайық. Күш- қуат жинайық.
Массаж: Алақандарын
уқалау, мойын, иықтарын, тізелерін, табандарын. Жүргізуші: Ал енді достар жолға шығайық.
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасау.
Жүруге арналған жаттығулар.
1.«Биші әйел» - аяқтың ұшымен, табанмен жүру.
2. «Балапан» - өкшемен жүру.
3. «Пингвин» - табанның ішкі жақтарымен қысқа және алшақ қадаммен жүру.
4. «Қаз-қаздар» - қолды тізеге ұстап отырып жүру.
5. «Пілдер» - екі қолмен, екі аяқпен жүру.
6. «Достар» - жұптасып жүру.
7. «Робот» - аяқпен түзу жүру.
Жүгіруге арналған жаттығулар.
1. «Құс» - аяқтың ұшымен бірқалыпты жеңіл жүгіру.
2. «Құлыншақ» - тізені жоғары көтере жүгіру.
3. «Жіп» - аяқты айқастыра жүгіру.
4. «Твикс» - бағытты алмастыра жұп болып жүгіру.
5. «Пони» - артымен алға қарай жүгіру.
6 . «Балапандар» - шашыраңқы жүгіру.
7. «Жыланша» - иреңделіп жүгіру.
Д/ш нұсқаушысы: Балалар, мына жерде бір жол көрсетілген. (канаттың астымен өту) Қараңдаршы бұл кең гүлдер алаңына ұқсайды. Иісі қандай тамаша! Бәріміз мұрынмен дем алайық. Дем алу жаттығуларын көрсету. Балалар, қараңдаршы қандай әдемі гүлдер! Бұл гүлдер бізбен бірге билеңдерші дейді . Балалар, гүлдермен билейміз бе?
Балалар: Билейміз.
Гүлдермен орындалатын жалпы дамыту жаттығуларын орындау.
«Гүл шайқайды басын»
«Гүл күнің көзіне бұрылады»
«Гүл өседі»
«Жел көтерілді»
«Гүл тығылды»
«Гүл күнің көзіне созылды»
Мыстан кемпір: Ысқырып кіреді мынау неғылған айғай шу? Сендерді кім шақырды? Мен гүлдердің бәрін жек көремін. Гүлдерді ұнатпаймын. Барлық гүлдердің ойран кестерін шығарамын.
Д/ш нұсқаушысы: Мыстан кемпір ол не дегенің . Олай істеуге болмайды. Гүлдер әр түрлі болады , олар сондай әдемі!
Мыстан кемпір: Жоқ мен мына гүлдердің бәрін, жұлып тастаймын.
Д/ш нұсқаушысы: Жоқ! Жоқ! Жұлма біз оларды құтқаруға келдік.
Мыстан кемпір: Жарайды ендеше сендердің күш қуаттарың қандай соны көрейік. Менің тапсырмаларымды орындауға дайынсыңдар ма?
1-тапсырма: «Таяқшалардан секіріп өтіңдер»
2-тапсырма: «Кім мерген?» (шығыршықтың ішіне құмы бар қапшықтарды дәл тигізу)
3-тапсырма: «Томардан өту» (шығыршықтардан өту)
Д/ш нұсқаушысы: Мыстан кемпір біздің балалар сенің тапсырмаларыңды қалай орындап жатыр?
Мыстан кемпір: Қуанба бәрі де алда әлі менің тапсырмаларым біткен жоқ. Бәрі алда.
1-тапсырма: «Кім жылдам?» (гимнастикалық орындықтан тартылу)
2-тапсырма: «Допты домалат» (кеглилер арасымен допты домалату)
3-тапсырма: «Сиқырлы шығыршықтар» (шығыршық арасымен өту)
Д/ш нұсқаушысы: Мыстан кемпірдің тапсырмаларын орындап болдық енді жолымызды ары қарай жалғастырайық. Балалар гүлдер әлемінің патшасына да келіп жеттік.
Раушан гүлі: Балалар, менің патшалығыма қош келдіңдер. Мен өте қуаныштымын. Сендерден көмек сұрайын дегем сендер қарсы емесіңдер ме?
Балалар: Жоқ. Біз сізге көмектесеміз.
Мыстан кемпір: Ха-ха-ха ерте қуанып жатырсыңдар. Мен мына гүлдердің бәрін шашып тастадым енді сендер олардың қай жерде өсіп
тұрғанын білмейсіңдер.
Раушан гүлі: Мына гүлдердің бәрін мыстан кемпір шашып тастады. Осы гүлдердің бәрін отырғызуға көмектесесіңдер ме?
Балалар: Көмектесеміз.
Қимылды ойын «Гүлді отырғыз»
Мыстан кемпір: Мына балалардың бәрі өте мықты екен. Мен өмір бойы жамандық жасап жүрдім. Раушан гүлі мені кешір. Мен ендеше гүлдерге қамқорлық жасап оларды күтемін.
Раушан гүлі: Мыстан кемпір, сені біз кешіреміз. Балалар, сендер бәрін орынды орнына қойып маған көмектестіңдер, енді мына жұпар гүлдердің иісімен демалып тынығып алыңдар.
Релаксация. Музыка әуені.
Д/ш нұсқаушысы: Балалар, біздің үйге қайтатын уақытымыз да болып қалды. Раушан гүлі біз сіздерге көмек беруге әрқашан дайынбыз.
Раушан гүлі: Рахмет балалар. Сендер гүлдерді өте жақсы көресіңдер екен, және Мыстан кемпірдің тапсырмаларын дұрыс орындап спортпен жақсы шұғылданасыңдар екен. Мына гүлдерді біз сендерге сыйлаймыз. Сау болыңдар!
Мыстан кемпір: Раушан гүлі, бізде гүлдер патшалығын аралап келейік. Мүмкін біреуге көмек керек шығар. Сау
болыңдар, балалар.
Қорытынды: Сабақты сұрақ –жауап арқылы қорыту. Балалармен қоштасып саппен шығарып салу.