«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы  Көкшетау қаласының «Айша» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли - сад «Айша» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области» 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Логопед заманауи технологияларды қолдануы

16.03.2021

Логопед  заманауи  технологияларды  қолдануы

Балалардың тілін дамытуда ауызша сөйлетуге үйрете отырып, білгенін күнделікті өмірде қолдануына, тілдік қарым-қатынастағы жаттықтыру ісіне ерекше мән берген маңызды. Педагогика мен психология және медицинаның түйісу шегінде орналасқан логопедия өз тәжірибесінде мұғалімнің жұмысын оңтайландыратын және ең тиімді әдіс-тәсілдерді бейімдеп қолданады. Өз тәжірибемде қолданылатын логопедиялық технологиялармен бөліскім келеді.

Артикуляциялық жаттығулар – сөйлеу тілі аппаратының бұлшық еттерін шынықтыратын, оның мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын қалыптастыратын және нығайтып, жетілдіретін арнайы іріктеліп алынған жаттығулар. Артикуляциялық жаттығулардың екі түрі болады: Активті, бала барлық тапсырманы өз бетімен орындайды; Пассивті, балаға қимылдарды дұрыс орындауға үлкен кісі көмектеседі.

Логобусылармен жаттығулар – тілдің бұлшықеттерін нығайту үшін логобусыларды пайдалануға болады. Логобусыларды төменнен жоғарыға көтеру, солдан-оңға итеру, шарды ерінмен ұстау және тағы да басқа жаттығуларды орындауға болады.

Тыныс алу жаттығулары – сөйлеу тілін қалыптастыру үшін тыныс алу жаттығулары өте маңызды. Дұрыс тыныс алу дыбысты шығару, артикуляциялық аппаратқа, дауыстың дамуына әсерін тигізеді. Фонематикалық естіп-қабылдауды дамыту.

Егерде фонетико-фонематикалық дамымушылық болған жағдайда, әртүрлі сөйлеу бұзылыстарының салдарынан баланың ана тілінде дыбыстау жүйесінің қалыптасуының бұзылуы байқалады. Алты жасар баланың сөйлеу тіліндегі негізгі көрінетін белгі дыбыстарының қалыптаспауы.

Лексикалық-грамматикалық дамуы да кешеуілдейді. Фонематикалық қабылдауды қалыптастыру бойынша жұмыс ең алдымен сөздік емес дыбыстар материалында жүзеге асады. Мысалы, жануарларды дауысынан айыра білу және дауыстарына еліктеуге үйрету, әртүрлі дыбыстарға назар аудару, желдің, краннан судың ағуына, барабанда ойнаған ритмді қайталауға үйрету. және т.б.

Саусақ жаттығулары – саусақ бұлшық еттерін ұсақ қол қимылдарын дамыта отырып, айтылуы қиын дыбыстарды өлең жолдары арқылы тез жаттап алуға дағдыландыру.

Су-джок шары арқылы саусақ жаттығуы – «су джок» (корей тілінен аударғанда «су» — алақан, «джок» — табан) деп аталды. Су джок шарик және шариктің ішіндегі серпімді сақиналардың жүйелі түрде қолдануы бұлшық ет тонусын жақсартады, орталық нерв жүйесінде сөйлеу аймақтарын дамытады, баланың белсенділігін жоғарылатады, танымдық және эмоционалдық-еріктік дағдыларын қалыптастырады.

Ұсақ қол моторикасы – «Қол – сыртқа шығып кеткен бас миымыз» деп И.Кант, «Қол саусақтарының ұшы – екінші ми» деп Йосиро Цуцуми айтқан бекер емес. Ата-аналар мен тәрбиешілердің ұсақ моторикаға дұрыс көңіл бөлгені жөн. Ойындар, жаттығулар , түрлі тапсырмалар беріліп отыруы керек. Сурет салу, қайшымен жұмыс жасау,  мозайка, пазлы жинау, түймелерді тағу, шешу секілді әрекеттерді атқаруыма басымдық беріледі

Лого-ырғақ жаттығулары .бұл – әуен ырғағымен және сөзбен үйлескен қимылдар жүйесі.Түзету жұмыстарында  лого –ырғақтың  атқаратын маңызы зор. Себебі  музыка оқу қызметінде  үнемі лого –ырғақтың  элементтерін енгізу  тілді , жалпы моториканы және  үйлесімділікті жедел дамытуға ықпал етеді.

Арттерапия – бұл бейнелеу өнерімен емдеу. Арттерапия арқылы тұлға бойындағы қабілетін көрсетіп, шығармашылығын шыңдайды. Арт терапияға құммен ойналатын ойындар мен дәстүрден тыс (манка, овсянные хлопья секілді) сурет салуды жатқызға болады. Егерде бала кейбір дыбыстарды айта алмайды немесе басқа дыбыстарға алмастырса, онда келесі әдіс – тәсілдер орындалады.Ертегі терапия – баланың ертегі сюжетіне әсерленуі, кейіпкердің қиыншылықтарына алаңдауы оның келешекте өз алдында пайда болатын кедергілерден қиналмай өтуіне іштей дайындығын туындатады.

Логопед мұғалім  жұмысында баланың  жеке ыңғай табу, ең басты болып қалады. Сөйлеу тілін қалыптастыру жағдайына ата-аналар жиі қатысса, логопед пен баланың жұмысына оң әсер етеді. Сол себепті логопедттің ұсынысы мен кеңесін бұлжытпай орындау керек  деп ойлаймын.

 Орыс ғалымы Л. В. Занков .Жаңа технологиялық әдіс - тәсілдерді пайдалану - білім сапасын арттырудың бірден - бір жолы - деп көрсеткендей, баланың сөздік қорларын кеңейту және танымдық әрекеттерін қалыптастыру негізінде жаңа заман талабына сай жаңа технологияларды коррекциялық жұмыстарда қолдана білсек, бала бойындағы кемшіліктерді жоюға болады. .....

Логопед : Бекахметова Ж.С

Просмотров: 288


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст