«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы  Көкшетау қаласының «Айша» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли - сад «Айша» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области» 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Баланың балабақшаға бейімделуі жайлы ата-аналарға бірнеше пайдалы кеңес:

02.11.2018

Баланың балабақшаға бейімделуі жайлы  ата-аналарға бірнеше пайдалы кеңес:

• Баланың ұжымға жылдам сіңісуі үшін, оның қарым-қатынас жасауға

бейімділікті дамытуына көмектесіңіз, ал бұл балалармен, сондай-ақ ересектермен

араласу барысында ғана мүмкін болмақ. Реті келсе, балабақшаға бармай тұрып,

болашақ топтастарымен және олардың ата-аналарымен танысқандарыңыз тіптен

құптарлық жайт.


• Баланы міндетті түрде

дербестікке дағдыландырыңыз, өз жасының деңгейінде өз-өзіне қарай алатын

болсын.


• Балаға балабақшаның не үшін

керек екенін, сәбилердің онда не үшін баратынын әңгімелеп беріңіз. Әкесі мен

анасының жұмысқа, ал балалардың балабақшаға баратынын түсіндіріңіз. 

• Балабақшаға баратыны жайлы

қуанышты жаңалықты баланың көзінше достарыңызбен және жақындарыңызбен

бөлісіңіз. Сәбиіңіздің балабақшаға қабылданғанына қуанып тұрғаныңызды айтыңыз.

Сөйтіп, балабақшамен тезірек танысуға баланың өз құлшынысы артатындай етіп, оны

жағымды арнаға бағыттаңыз.

• Балаға ондағы күн тәртібінің

қандай болатынын, олардың немен айналысатынын айтыңыз, себебі бала жұмбақ жағдайларға

аттанбауы тиіс және өзін не күтіп тұрғанын білуі керек. 

• Баланың көзінше ешқашан

балабақша туралы жағымсыз пікір айтпаңыз, және, ең бастысы, оны балабақшамен

қорқытпаңыз. («тамағыңды ішпесең, балабақшаға жіберемін»; «мейлі, балабақшада

сені тамақ жеуге жақсылап тұрып үйретеді» деген секілді).

• Баланы бастапқыда балабақшаға

бірнеше сағатқа әкеліңіз де, кейіннен біртіндеп толық күнге жеткізіңіз. Мұндай

біртіндеушілік қағидасы сәби үшін де, оның анасы үшін де анағұрлым жайлы

болмақ. 

• Баланы балабақшадан алып

қайтарда міндетті түрде олардың немен айналысқанын, қандай тамақ ішкендерін

сұраңыз, жетістіктері үшін мақтауды да ұмытпаңыз. Бала ата-анасы қасында

болмаса да, оларға өз өмірінің қызықты екенін білуі тиіс. 

• Баланы таңертең балабақшаға

әкелген кезде жылдам қоштасып үйреніңіз, бұл істі көпке созбаған жөн, әйтпеген

жағдайда бала сіздің

абыржығаныңызды сезіп қояды да, сізден айырылғысы келмей қалады.

• Әрдайым қасында екеніңізді және мейлінше жақсы көретініңізді бала қашықта

жүрсе де сезінуі үшін, оның қалтасына шағын ғана естелік зат салып беріңіз, бұл

оның көңіліне медеу болады. 

• Еш уақытта балаға көрінбей қашып кетуші болмаңыз, өйтетін болсаңыз, ол сізге

сенбейтін болады. Қоштасудың өздеріңізге тән әдісін ойлап табыңыздар: беттен

сүю немесе мұрындарыңыздың ұшын түйістіру секілді. 

• Балабақшаға баруы үшін баланы ешқашан да ойыншықтармен «сатып алуға»

тырыспаңыз. Өйтетін болсаңыз, тағы да балабақша туралы жағымсыз пікірін

қалыптастырасыз. 

• Балаңыз байбалам салған уақытта ешқашан оның ырқына жығылушы болмаңыз.

Қайткен жағдайда да балабақшаға баратынын ұқтырыңыз, әйтпесе келесі жолы оның

еркеліктерін көтеру сіз үшін қиынға соғатын болады. 

• Әрине, әрбір бала өз алдына бір әлем, олардың әрқайсысының ыңғайын таба

білу керек, алайда тек сүйіспеншілік, шыдамдылық және парасатты оң ықылас қана

балабақшаға баруды сүйікті іске айналдыра алады.

Просмотров: 409


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст