«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы  Көкшетау қаласының «Айша» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли - сад «Айша» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области» 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлттық ойындардың пайдасы

24.12.2021

Ұлттық ойындардың пайдасы

Ойын -  мектеп  жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Ойын баламен мәңгілік өмір сүреді. Баланың өмірін қозғалыссыз елестете алмайсың.

  Сондықтан ұлттық ойындар балалардың қозғалу белсенділігінің дамуы, олардың денсаулығының күшеюі, үшін қолайлы жағдай жасайды.  Ойын- баланың өмірінің нәрі. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бол ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойындарды көп ойнап, жүгіріп, таза ауада жүру жас организмнің дұрыс әрі сергек өсуінің көзі. Онымен бірге бүлдіршіндер ойын ойнаған кезде көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуіне бағыт алады.

    Халықтың ұлттық ойындары көп салалы, көп қырлы құбылыс. Ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да мектепке дейінгі тәрбиеленушілердің рухани өрісі кең өсіп-жетілуінің негізгі құралдарының бірі. Ұлттық ойындар-

ата-бабамыздың бізге жеткен, өткені мен бүгінігні байланыстыратынбаға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Оны күнделікті оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың заманға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы зор.

    Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да соған  икемделінген. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланы жастайынан дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Бұл ойынның еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнатын түрлері бар.

  Халқымызда «Ханталапай», «Үш табан», «Шеңбер», «Алшы», «Омпа», «Тас қала», «Хан», «Бес тас» т.б.

 Ойын балалардың негізгі  іс-әрекетінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп- өркендей алмайды. Бұл өмірдің заңдылығы.

Болашақта бүлдіршіндеріміз данышпан болуы үшін бойына ұлттық сананы, дәстүрді ойын арқылы сіңіртіп, тәрбиелеу  керек.

Просмотров: 2306


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст