«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы  Көкшетау қаласының «Айша» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли - сад «Айша» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области» 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қоштасу-шыршамен

17.01.2020

«Шыршамен қоштасу»

Мақсаты: Жаңа жыл туралы айта отырып,білімдерін тиянақтау. Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту.

Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме,құрметті балалар! Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Балалар:Қыс! Қыс мезгілінде қандай мереке болды? Кімдер қонаққа келді? Балалар: Жаңа жыл, Аяз ата, Ақшақар. Бүгін біз шыршамен қоштасуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.

1.Ән: «Шырша жыры» хоровод

Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы шыршамыз қандай әдемі, ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді екен?

2.Балалардың өлең шумақтары

Жүргізуші: Балалар енді мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешуін тауып көріңдер?

3.Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

 

Терезеге қонады,

Әсем ою ояды. (Қырау)

 

Тікен,тікен тік піспе,

Қысы-жазы бір түсте. (Шырша)

 

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар,кезекті тағыда өлең шумақтарына берейік!

4.Ағылшын әні «Джингл бэлс» хоровод

5.Би «Аяз ата»

6. Ойын «Жұптарыңды тап»

Жүргізуші:

Жасыл шырша келіп еді,

Мереке бізге әкелген еді.

Шыршаны әсем безендірдік,

Ойнап,көңіл көтердік.

Шырша енді қоштасады,

Орманымен қауышады-деп шыршамызбен қоштасатын да уақыт келіпті балалар!Барлығымыз дауыстап,шыршамызға қош сау бол,келесі жыл біз сені асыға кутеміз деп айтамыз;

Финал «Жаңа жылдық әнмен» аяқталады!!!

 

 

Просмотров: 406


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст