Текст
Бөбекжайда Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің ұйымдастыруымен “М.Монтессоридің сенсорика аймағына жататын “Қоңыр баспалдақ, “Қызғылт мұнара, “Қызыл зілтемір” дидактикалық материалдарын тиімді қолдану” тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Семинар-практикум теориялық және практикалық бөлімнен тұрды. Семинарға бөбежайдың барлық педагогтары қатысып, атсалысты және өз іс-тәжірибесімен алмасып, ой бөлісті.