Текст
Германиядағы білім беруді зерттеу мен енгізудің халықаралық сарапшысы, көптеген инклюзивті білім беру кітаптарының авторы Астрид Кайзер мектеп жасына дейінгі білім беру әдістерін зерттеу және тәжірибе алмасу мақсатында Абай Мырзахметов атындағы университеттің өкілдерімен бірге “Айша” бөбекжайына қонаққа келді. Қонақтар тәрбиешілердің, музыка, дене шынықтыру нұсқаушыларының ұйымдастырған іс-әрекетіне қатысып, педагогтардың жеке баламен жұмысын бақылады. Бөбекжайдың ішкі және сыртқы безендірілуі мен техникалық базасына және педагогтардың біліктілігі мен шығармашылығын жоғары деңгейде бағалады. Көптеген сұрақтар қойып, берілген жауаптарға толықтай қанағаттанып, жылы лебіз бен алғысын білдірді.