14 қараша күні №7 «Айша» балабақшасында музыка жетекшілерінің Г.М. Камалиева, С.Р. Байзахова, А.Қ. Садуова ұйымдаструымен «Тәуелсіз ел - тілегі» атты ересек топ балалар арасында фестиваль өткізілді. Мақсаты: Балалардың патриоттық сезімдерін ояту, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өз отанының тарихын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылды. Іс – шараға ересек топтары №9 «Чип пен Дейл», №10 «Симба», №11 «Бемби», №12 «Том мен Джерри», №14 «Тұлпар», №15 «Кішкентай мук», №16 «Джамбо» қатысты.
Атап айтқанда, №9 «Чип пен Дейл» тобы «Егемен ел», №10 «Симба» тобы «Тәуелсіз ел, ұланы», №11 «Бемби» тобы «Мен елімнің ертеңі», №12 «Том мен Джерри» тобы «Елтаңбасы елімнің», №14 «Тұлпар» және №15 «Кішкентай
мук» топтары «16 желтоқсан», №16 «Джамбо» тобы «Сәлем, Қазақстан!» әндері мен тәуелсіздікке арналған өлеңдерін орындады. Барлық топтың балалары бұл фестивальға белсенді қатысып, жақсы көңіл күймен аяқтады. Фестиваль ойдағыдай өтті.