«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы  Көкшетау қаласының «Айша» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли - сад «Айша» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области» 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық көрсетімдер

12.12.2017

Бүгін №7 «Айша» балабақшасында  тәрбиешілер арасында  ашық түрде ұйымдастырылған оқу қызметтері  өткізілді

Қатысқан тәрбиешілер:

№ 3 «Көбелек»  ортаңғы тобының тәрбиешісі Елюбаева Салтанат Темірханқызы

Тақырыбы: «Су - тазалық кепілі » эксперемент сабағы.

Балалар эксперемент арқылы судың қасиеттерін анықтап, судың мұзға

айналатындығын білді. Медузаны түрлі-түсті құмдармен әшекейледі. Балалардың сөздіқ қорына «Су- табиғаттың сыйы» деген дәйек сөзді енгізді. Тәрбиешінің сабаққа дайындығы және шеберлігі көрінді, балалар белсенді қатысты.

№ 6 «Балапан» ортаңғы  тобының тәрбиешісі Оспанова Айнагүл Абайқызы

Тақырыбы: « Орманға саяхат»  Балаларға орманшы атайдан  хат келіп, автобуспен орманға саяхатқа шықты.

Түрлі орман мекендеушілеріне кездесіп, олардың тапсырмаларын орындап атайдың үйіне жетті.

№ 10 «Симба» ересек тобының тәрбиешісі Хамитова Жарқын Тілегенқызы

Тақырыбы:  «Жас экологтар» аралас сабақ. Балалалар сабақ барысында үш тілде шаттық шеңберін

жасаған соң,  экология елінен келген сиқырлы

глобуспен саяхатқа шықты.  Глобуспен теңізге, орман жануарларына және құстарға саяхатқа барды.Саяхат барысында теңізден келетін пайданы айтып, теңізді қоқыстан тазалау арқылы өз пайдаларын тигізді .Сабақ барысында орман мекендеушісі қоянды қысқа дайындады және құстарға арналған жемсауыт жасау арқылы өздерінің нағыз жас эколог екендерін көрсете білді. Балалар сабаққа белсене қатысып, өз білімдерін көрсетті.

 Дене шынықтыру нұсқаушышы  Аймаханов Рахымжан Ераханұлы

Тақырыбы: «Тепе-теңдікті сақтау жаттығулары » Сабақ ересек тобымен ұйымдастырылды, қатысқан балалар саны 18. Сабақ барысында жалпы шынықтыру жаттығулары жасалып, «Стринг» әдісі қолданылды. Балалар түрлі

тепе-теңдікті сақтау жаттығуларын орындады. «Қорғаушы » ойынын балалар өте жақсы ойнады. Педагогтың күнделікті ұйымдастырылған оқу қызметін жүйелі түрде жүргізілетіні көрінді.

Просмотров: 298


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст