Рухани жаңғыру
бағдарламасы аясыңда ата-аналар арасыңда
«Отбасы дәстүрі»
фестивалі.
Мақсаты: Ата - аналар мен тәрбиеленушілерді қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті,
салт – дәстүрі туралы білімдерін байқау, отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін
ұғындырып, тәрбиеленушілерді ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа
тәрбиелеу.
Фанфар ойналады жүргізушілер шығады.
1 - жүргізуші:
Атамыз қазақ «Бала – адамның бауыр еті», «балалы үй -
базар» дейді. Өйткені бала – өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі.
Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін,
жан – жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.
2 - жүргізуші:
Армысыздар құрметті ата – аналар, мұғалімдер, балалар!
Бүгінгі біздің «Отбасы – өмір аясы» фестиваліне қош келдіңіздер!
«Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке –
бірлігі әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқан
да сонны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет. Отбасы тіршілігінің
ежелден қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, ол болмаса, от анасы, одан
қалса, үлкен аға не әпке басқарады, олардың сөзін, ұйғарымын өзгелерді жерде
қалдырмайды.
О, ата-анам,
Таянышым, тірегім!
Бар бақытты бір басыңа тіледім.
Бізді жақсы болса екен деп қашанда.
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің!
Би: «Аққу» 11
топтың орыңдауыңда
Балалардың
тақпақтары
1 - жүргізуші:
Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам,
Бар шуағын баласына арнаған.
Бір өзіңнен қуат алып өмірде
Сенің салған сара жолды жалғағам.
Айымсың ғой жарық қылар түнімді,
Жұлдызымсың сәнді еткен көгімді.
Бір Алладан саулығыңды тілеумен
Атқызамын әрбір ғажап күнімді.
Қымбат жансың, мен үшін ең асылсың!
Аллам сенен жамандықты қашырсын.
Әкемменен мәңгі шалқып бақытқа
Жастарыңды жүзден дағы асырсын!
1 - жүргізуші:
Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз.
Қалай ойлайсыздар, ол қандай әлем болуы мүмкін? Қане, ойланып көріңдерші. Ол
бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет. Бұл мемлекетте әке, ана және бала бар.
Ал олай болса, ол мемлекеттің аты «Отбасы» деп аталады.
Міне осы отбасы арасындағы татулықты, дәстүрді, өнерді
жалғастырып келе жатқан отбасыларымыз фестивальға қатысқалы отыр. Олай болса,
қатсушылармызды ортаға шақырайық!
Қатысушыларды
таныстыру:
№9 топ ата-анасы
№16 топ ата-анасы
№14 топ ата-анасы
№12 топ ата-анасы
1 - жүргізуші: Фестивалімзде бүгін біздің қатысушылармыз
өз өнерлерін ортаға салып, қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетеді.
Қатысушыларымызға сәттілік тілеп, қошеметпен шығарып салайық.
2 - жүргізуші:
Бүгінгі бала-ертеңгі ел болашағы, ұяда бала не көрсе соны
іледі дейді біздің дана халқымыз. Еліміздің нағыз патриоты ол біздің кішкентай
бүлдіршіндеріміз.
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман
Ән: «Тәуелсіздік ел ұраны» орындайтын 10 топ балалары қабыл алыңыздар!
1 - жүргізуші:
Мың бұралу аз екен бұл өнерде,
Балқу керек жан-дүниеңмен әуенге.
Бар сезімді көрерменге жеткізу,
Мақсат екен орындалған әр биде.
Тұла бойында қандай да бір өнер қонған баланың жан
дүниесі аса сезімтал, өмірге құштар, мінезі көркем болып өсетіні анық. Бұл
ретте «Өнерлінің өрісі - кең» деген халық даналығы тауып айтылған.
Музыканы түсініп, әсемдік пен әдемілікті сезіне өскен бала қоғамға тек пайдасын
тигізетін, саналы да білімді, тәрбиелі, адал азамат болып өсері сөзсіз! Ендеше
келесі кезегімізді
ақылды да, өнерлі ата-аналар мен олардың бүлдішіндерінің
өнерлеріне берейік. Тамашалайық!
Өнер көрсететін отбасылар кезеңі:
№9 топ ата-аналары
№16 топ ата-аналары
2- жүргізуші:
Қандай халықтың болмасын салт-дәстүрлері сол халықтың
мінез – құлқын, қасиеттерін таныта алады. Мысалы: қазақтарға тән бауырмалдық,
ақжарқындық, қонақжайлық. Әрине, бұл ерекшеліктер басқа халықтарда да
кездеседі. Бірақ бұл қасиеттер әр халықта әр қырынан көрініс береді, сонымен
қатар әр ұлт өкілдерінің салт-дәстүріндегі мән-мағынасы мен тәлім-тәрбиесі
бір-біріне ұқсап, бірін-бірі толықтырады. Ендігі кезекті салт-дәстүрге береміз.
Қатысушылар салт-дәстүрді көрсетеді.
№14 топ ата-аналары
№12 топ ата-аналары
1- жүргізуші:
Ата - аналардың тілегі,
Адам болып өскенің,
Адамдықтың тірегі,
Адал болып өскенің,-демекші бізідің фестиваліміз өз
мәресіне жетті, сөз кезегі балабақша директоры Бану Набиқызына беріледі.
Сымбат Рашидқызының орыңдауыңда «Перзент
парызы» әсем әнін қабыл алыңыздар!