ЖРВИ мен тұмудың алдын алу
ЖРВИ-мен күрес кезінде ауру адамның қоршағандарға жұқтыру қаупін есте сақтау керек. Егер жанұяда ауру пайда болса,оны жанұя мүшелерінен,әсіресе балалардан оқшаулау қажет. Аурудың күтушісі жеке гигиена ережелерін мұқият орындауы тиіс. Аурудың бөлмесіне кіргенде,ауыз бен мұрынды жабатын маска тағу керек. Эпидемия кезінде
халық көп жиналатын қоғамдық орындарға (үлкен дүкендер,кинотеатр және т.б) бармаған жөн. Мектептерде, балабақшаларда және бөбектік ұжымдарда тұмаумен ауырғандарды уаыттылы анықтау өте маңызды үлкен көмекті
мұғалімдер,тәрбиешілер,ата-аналар көрсете алады. Карантин кезінде мекемелерде.әсіресе балабақшаларда,мектептерде дұрыс санитарлық-алдын алу ережелерін ұйымдастыру керек: балаларды құнарлы,құрамында витаминдері жеткілікті тағамдармен қамтамасыз ету,қосымша демалыс уақытын ұзарту керек. Бұл бала организмін нығайтуға,инфекцияға қарсы жалпы төзімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Респираторлы аурулардың алдын алуда салауатты өмір салтын
қалыптастыру жұмыстары үлкен рөл атқарады. Алдын алу мақсатында майда туралған сарымсақты дәкеге орап,балалардың мойына іліп қоюына болады,ал кішкентай балаларға бұл дәке қапшығын төсегінің маңына байлап немес қасына сарымсақ салынған ыдыс қою керек. Фитонцидтер –бактерияларды,вирустарды өлтіріп,олардың
өсіп-өнуін жоятын,өсімдіктер қатарындағы биологиялық белсенді заттар. Алдын алу үшін күніне 2 рнет 10-15 минуттан пияз бен сарымсақты танау тесіктеріне кезек-кезек иіскету немесе олардың шырынын сыртқы мұрын жолдарына,ауызға жағу пайдалы.Сонымен бірге пияз бен сарымсақты жеуге болады немесе 2-3 минуттай күніне бірнеше рет шайнау керек. Бірақ бұл әрекеттерді ересектердің қадағалауымен жасау керек.
Есіңізде болсын! Салауатты өмір сүру-аурудың алдын алудың,деніңіздің сау
болуының кепілдігі.