«Кішіге ізет» әлеуметтік жобасы
2017-2018 оқу жылында Көкшетау қаласындағы
физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі №7 «Айша» балабақшасымен тығыз қарым-қатынас жасап, ағалары, апалары ретінде
балабақшадағы балаларға ағылшын тілін үйрету және де балалардың дамуына үлесін
қосу, балалардың белсенділігін арттыру және мектеп оқушыларының қоғамға
бейімделуі, оқушылар бойындағы жауапкершілікті сезіну,саналы қасиеттерді
дамытып, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу мақсатында «Бурабай» Шаңырағында «Кішіге ізет» әлеуметтік жобасын іске асыруда. Жобаға Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10«В», 7«В» сынып оқушылары қатысуда.
Қыркүйек айында оқушылар №10 «Симба» ересек
тобымен танысып, қазан айында 10 «В» сынып
оқушысы Шаханова Әсел, 7«В» сынып оқушысы
Мәрденова Самал «Менің отбасым»
тақырыбында ағылшын тілінде дәріс өткізіп, түрлі ойындар ойнатты. Қараша айында
10«В» сынып оқушысы Абдрахманова Нургуль, 7«В» сынып оқушысы Абуалиев Алихан «Дені саудың жаны сау»
акциясын ұйымдастырып, балалармен жаттығулар жасап және ойындар өткізді.
Жоба соңында күтілетін нәтиже:
· оқушылардың
бойында қайырымдылық, мейірімділік, ашықтық, бірлесе жұмыс жасау құндылықтары қалыптасады;
· оқушылардың
белсенділігі мен жауапкершілік қабілеттері артады;
· кішіге
ізет көрсетуді сезіне біледі.