«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы  Көкшетау қаласының «Айша» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли - сад «Айша» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области» 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Күзгі ағаш» (кляксография + тәжірибе)

14.11.2017

                                    Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

                                                        №13 ересек логопед тобы

  

Білім берусаласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Сурет

Тақырыбы: «Күзгі ағаш» (кляксография + тәжірибе)

Мақсаты:

Білімділік: Балаларға  дәстүрлі емес әдістерді пайдалануды үйретуге

жалғастыру;

                          Балаларды дәстүрлі

емес тәсіл «кляксография» түрімен таныстыру.

Дамытушылық : Балалардың

шығармашылық қабілеттерін,ой-қиялын дамыту;

                                Тыныс алу мүшесін дамыту.

Тәрбиелік: Таза, ұқыпты жұмыс

жасауға тәрбиелеу.

Қолданылатын құралдар:  қағаз, қоңыр,сары,қызыл,қызғылт сары түсті

гуашь бояулары құйылған ыдыстар, тіс щеткалары, салфетка, түтікшелер,құм

тәрелкеде,ыдыстағы су.

Сөздік жұмыс: терек, бұтақтар.

Полилингвалды компонент: ағаш-дерево, жапырақ-листок, leaf.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

Мотивациялық қозғаушылық

 

 

 

 

 

 

Шаттық шеңбері

-Біз түгелміз!

Үлкен де, кіші де!

Бастауымызға болады!

Бірақ ең алдымен,

Амандасуды ұмытпайық!

 

Тәрбиеші: Бүгін мен

балабақшаның жанында күннің көзін кездестірдім, ол бізге қонаққа келді. Бірақ

бұл күн жай емес, ол сиқырлы. Кім оны қолына ұстайды, сол бала әлемдегі ең

мейірімді,және сүйкімді бала болады.Тексеріп көрейік!

 

Шынында да,біз ең

мейірімді,әрі сыпайы болдық.

-Балалар, сендер

сиқырға сенесіңдер ме?

-Қандай сиқыршыларды

білесіңдер?

-Сиқыршылар қандай

заттарды қолданады?

-Ал сендер сиқыршы

болғыларың келе ме?

-Ендеше бастайық.

Қолымызды жоғары

көтереміз,

Қалпағымызды киеміз.

Солға, оңға бұрыламыз,

Бір-бірімізге жымиямыз.

 

 

 

 

 

 

Балалар: Сәлеметсізбе!

 

 

 

 

 

 

 

(Балалар күнді бір-біріне

беріп жылы сөздер айтады)

 

 

 

Балалардың жауаптары.

 

 

-Сиқырлы таяқша,

сиқырлы айна, көрінбейтін қалпағы...

 

Ұйымдастыру -Ізденушілік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Құрметті сиқыршылар!

Иә-иә, дәлі осылай бүгін мен сендерді атаймын, үйткені  сиқырды бүгін өздерің жасайсыңдар. Қазір мен

сендерді сиқырлы зертханаға шақырамын

 -Біз сиқыршы-суретшілер

боламыз,  бізде өзіміздің сиқырлы

заттарымыз бар.Олар сендердің үстелдеріңде тұр.Қане оларды атаңдар.

Осы заттар бізге сиқыр

жасауға көмектеседі-әдеттегі суретті әдеттен тыс түрімен салуды.

Шырын ішетін

түтікше,бүгін біздің сиқырлы таяқшамыз болады.

 

1.Тәжірибе:

-Алдарыңа сиқырлы құм

салынған ыдысты алыңдар, түтікшемен үрлеңдер. Не байқадыңдар? (құм үрлене

ме?) Енді түтікшемен ауа арқылы күнді салып көріңдер.

 

2.Тәжірибе:

-Ал енді, су құйылған

ыдысты алдарыңа алып  түтікшемен үрлеп

күнді салып көріңдер. Не байқадыңдар?

-Иә, балалар суда үрлеу

арқылы сурет шықпайды екен. Мен сендерге біздің сиқырлы таяқшалар арқылы

суретті қағаз бетіне салуды ұсынамын.

 

-Ал қандай суретті

салатынымызды осы сиқырлы заттармен сендер жұмбақтың жауабынан білесіңдер:

 

Қолдары көп, аяғы біреу.

                                            

(Ағаш)

Қане, тексерейік дұрыс

жауап бердіңдер ме? (слайд №1)

-Ненің суреті?

-Ағаштардың.

-Суретте (слайдта) қанша

ағаш бар? Қане санайық! (төрт)

-Оларды салыстырыңдар.

Ағаштардың қандай айырмашылығы бар?

-Қалай ойлайсыңдар,

неге олар сондай әр түрлі.

-Дұрыс айтасыңдар әр

мезгілде ағаштар әр түрлі болады.

-Қалай ойлайсыңдар, қай

мезгілдегі ағашты  бүгін саламыз?

-Дұрыс,үйткені қазір

күз мезгілі.

Жапырақ-листок,leaf,leavez (ливес).

 

-Күзде жиі жел соғып

тұрады. Бүгін де таңертеннен салқын жел соғып тұр, мен оны балабақшаға келе

жатып кездестірдім. Ол маған сиқырлы допты сыйлады.

Ойын: «Сиқырлы доп»

Бұл сиқырлы, күзгі доп,

Қолдарыңа секіріп,

түрлі сұрақтар қояды.

Қандай жыл мезгілі?-Күз.

Күз қандай болады?-Алтын,

жауынды, қызықты,көңілді...

Құстар күзде-құстар

күзде жылы жаққа ұшып кетеді.

Күзде аңдар-күзде аңдар

қысқа дайындалады, тондарын ауыстырады.

Ағаштар күзде-ағаштардан

күзде жапырақтар түседі.

Жапырақтар күзде-жапырақтар

күзде сарғайып түседі.

-Бүгін күзгі ағашты сиқырлы таяқшаның көмегімен салуды

ұсынамын, және қылқаламмен қарындаштың көмегісіз, кляксаны үрлеу арқылы. Бұл

әдіс кляксография деп аталады.

 Балалар қай ертегінің кейіпкері қағаздың

бетіне клякса қойды?

-Дұрыс.Балалар,

Буратиноны қонаққа шақырайық оған клякса арқылы қалай сурет салуға болатынын

көрсетейік.

 

(«Алтын кілт» музыка

әуені ойналады)

 

Буратино:

Сәлеметсіңдер ме балалар!

-Сендер мені

шақырдыңдар ма?

-Буратино, біз бүгін

кляксография арқылы сурет саламыз, ал сен клякса салуды ұнатасыңғой?

-Иә клякса салуды мен

ұнатамын,ол өте тамаша болдығой.Әйтпесе Мальвина маған ылғи ұрсады... Мен ең

әдемі сурет салып оны Мальвинаға сыйлаймын.Сендер маған үйретесіңдерғой,

балалар?

-Әрине.

Ағашты сиқырлы

таяқшамыз арқылы саламыз.. Ол үшін қағаздың үстіне қасықпен гуашь бояуының

тамшысын тамамыз,тамшыны түтікше арқылы үрлейміз, бояуға, қағазға түтікшені

тигізбейміз.Қағазды ақырын жылжытып отыруға болады. (көрсету)

Сиқырымызға кірісеміз.

-Бұталарын салу үшін

тағы да тамшуырмен тамшы тамызып үрлеңдер. Міне ағашымыз дайын болды.

Ал енді сиқырлы

жапырақтарды салу үшін біздің ағашымыздың кебуі қажет. Біз оған дейін бойымызды

сергітіп алайық.

 

Сергіту сәті:

Күздің сары

жапырақтары,

Бұтақтарда ілінген.

Жел соғып жапырақтар

ұшты.

Жел гу-гу соқты

Жапырақтар желге ұшты

Шыр айналып би билеп

Сыбдыр,сыбдыр жерге

түсті.

 

(балалар орындарына

жайғасып отырады)

 

Біз демалдық,суреттерің

кеуіп те қалды...  сиқырлы суретімізді

жалғастырайық.

-Ал күзгі ағаштардың

жапырақтары қандай түсті болады?

-Қызыл,сары,қызғылт

сары.

-Дұрыс балалар,

 -жапырақтарды біз алдарыңдағы сиқырлы тіс

щетканың көмегімен саламыз. (көрсету)

-Қандай керемет күзгі

ағаштар шықты.

Олар әдемі.

Буратино: Қараңдаршы,

менде қандай әдемі сурет шықты.Ал сендердің суреттерің қалай шықты?

(Балалардың суреттерін қарап,мақтайды)

-Балалар, рахмет сендер

маған сурет салудың жаңа тәсілін үйреттіңдер.Мальвинаға ұнайтын шығар.Менің

ертегіме оралатын уақытым келді.Сау болыңдар!(суретімен кетіп қалады)

-Сау болыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар үстелдеріне

отырады.

 

 

 

-түтікше,қылқалам,

бояулар,тіс щеткасы,губка т.с.

 

 

 

 

 

 

 

 

-Құм үрленеді.

 

Балалар түтікшемен

үрлеп құмда күнді салады.

 

 

 

 

-Суда үрлеу арқылы

сурет шықпайды, үйткені судың пішіні болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалардың жауаптары.

 

 

 

-Бірінші ағаш- көктем

мезгіліндегі ағаш, екінші ағаш-жасыл жапырақтарымен,алмалары бар- ол жаз

мезгіліндегі ағаш; үшінші-сары жапырақтарымен, күз мезгіліндегі ағаш;

төртінші-жапырақсыз,қыс мезгіліндегі ағаш.

 

-Күзгі ағашты.

 

 

-Ағаштардың жапырақтары

әр түсті,жерде көп жапырақтар жатыр.Күн салқын.Жауын жауып тұр...

-Жоқ, діңі

жуан,бұталары жіңішке.

 

 

(Балалардың жауаптары)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Буратино.

 

 

Балалар Буратиноны

шақырады.

 

 

 

-Иә, шақырдық.

 

Рефлексивтік –түзетушілік

 

 

 

 

 

Біздің сабағымыз

аяқталды.Сендер бүгін неге үйрендіңдер, қандай сиқырға?

-Дәстүрлі емес әдіспен

сурет салуға.

-Қандай тәсілмен салуды

үйрендік?

-Кляксография.

-Ал мұндай әдемі

суреттер шығуға сендерге сиқырдан басқа не көмектесті?

-Ұқыптылық, .... және

табиғатқа деген махаббат. Балалар егер де сендер осы қасиеттеріңді

жоғалтпасаңдар, менің ойымша сиқырдың қажеті болмайды.

Мадақтау.

Балалар үстелде көңілді

күн және көңілсіз күннің суреті бар.Кімге сабақ ұнады көңілді күннің суретін

алыңдар.Кім сабақта қиналды ол көңілсіз күнді алсын. ( Күнді алып ортаға

тұрып балалар сабақтың қалай өткенін айтады)

 

Көрме ұйымдастыру.

Суреттеріңді тақтаға

іліп, тағы да тамашалап көріңдер.

 

Балалар

 

 

 

-Үрлеу,бастыру

тәсілдері.

 

Балалардың жауаптары.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: ағаштарды әр-түрлі тәсілдермен салуға болатынын;

Игереді: қысқы ағашты түтікше арқылы салуды игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: түтікшемен үрлеу ,тіс

щеткасымен бастыру әдістерін меңгерді.

 

                                 

Тәрбиеші: Макатова Л.К.

 

 

 

 

 

 

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 1042


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст