Текст
Қазіргі заманда өмірге қауіп төндіретін жағдайға тап болу өте жиі кездеседі. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында 2017 жылдың 17тамызында №7 «Айша» балабақшасының ересек топ балалары арасында «Жас өрт сөндірушілер» атты спорттық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында балалар өрт болған жағдайда жылдамдатып өртке қарсы қызметінің «101» нөміріне тез арада телефон шалуды үйренді, өрт сөндірушілер келгенше қандай шара қолдануға болады екенін түсінді, өрт қауіпсіздігі ережелерін меңгерді. Тақырыпқа байланысты қимылды, логикалық ойындар балалардың
қимыл-қозғалыс, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамытады, сонымен бірге балалар қамқорлыққа, ұжыммен жұмыс жасауға, бір-біріне көмек көрсетуге үйренеді.