2017 жылы 9 тамыз күгі №7 «Айша» балабақшасында «Қарақшылар қазынасы» атты ойын-сауық өтті.
Мақсаты: балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, ойын арқылы қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту,балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа,ептілікке, төзімділікке тәрбиелеу.
Ойын-сауық бақшамыздың барлық балаларына өткізілді.
«Қарақшылар қазынасы» атты ойын-сауықты балабақша тәрбиешілері: Боранбаева А.Т, Кутфенова Г.Қ , Мұстафина Д.Е , Илюбаева С.Т, Сабитова.И.Ж , Хабибулла.Л.Х және музыка жетекшісі Әсем Бүркітбайқызы ұйымдастырып жүргізді.
Ойын-сауық балаларға көңілді де, қызықты болды. Балалар әр аралдағы кедергілерден өту арқылы қарақшылардың қазынасына жетуіне көмектесті.
Қарақшылар тапқан қазынасынан алтын кәмпиттерді балаларға үлестірді.Ойын-сауық соңында балалар ерекше көңіл - күймен флешмоб биледі. «Балалы үй -базар» дегендей бақшамыздың базары кішкентай бүлдіршіндеріміздің жүзінен күлкі кетпесін!