Мақсаты: балалардың дене мүсінінің сұлулығын қалыптастырып, қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамытып, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу, белсенді болуға, біреудің жеңісін бағалауға, алға қойған жеңіске деген шыдамы мен күшін көрсете білуге үйрету.
(Балалар музыка әуенімен алаңға келіп айнала тұрады).
Жүргізуші: - Сәлематсыңдар ма, балақайлар!
Жаз жайдары, алақай!
Жатыр жайнап даламыз.
Жүр, қанекей, балақай,
Ойын ойнауға барамыз.
Бүгін бізде ерекше мереке, бұл сиқырлы мереке. Неге сиқырлы екенін, біз оны кейін біле жатамыз.
(Музыка ырғағымен Фантик-Бантик келеді).
Фантик-Бантик: - Мен Фантик-Бантикпін. Өзім сондай әдемімін,сұлумын. Мен сендерге Парижден келдім!
Жүргізуші: Сәлем Фантик-Бантик. Бізге қонаққа келгеніне өте қуаныштымыз. Қош келдің!
Фантик-Бантик: - Мен де өте қуаныштымын сендердің мерекелеріне келгеніме. Міне, мен сендерге қорапшаға салынған тәттілерді әкелдім.(Қорапшаны ашып көрсетеді, оның ішінде толы кәмпиттердің қағазы. Көрсете салып арқасына тығады).
Жүргізуші: Қандай кәмпиттер әкелдің, көрсетші бізге, өтінеміз. Біз кәмпиттерді жақсы көреміз.
Фантик-Бантик: Қалай айтсам екен.
Жүргізуші: Айта бер, біз мұқият тыңдап тұрмыз.
Фантик-Бантик: Кәмпиттер мына қорапшада болған.(Қорапшаны көрсетеді). Ал енді бұл қорапшада кәмпиттердің қағаздары фантиктер жатыр.Білесіндер ме, мен оны ұшақ багажына өткізгенімде, бір тәтті құмар кәмпиттің бәрін жеп қойып,фантиктерін ғана салып қойыпты.
Жүргізуші: Мерекеде балаларға кәмпиттер сыйлатына, сен бізге уәде бердін ғой.
Фантик-Бантик: Ал менің сөмкемде қатты тоқаштар бар.( Сөмкесін ақтарады). Осының ішінен көрген едім ғой.(Ақтара, ақтара ішінен біреуін ғана тауып алып шығады). Мен сөмкемді ақтарып жатқанда ойыма осындай ой
келді: Кәмпиттер өте зиян тіске, ал қатты тоқаш тістерінді сындырады. Осылай өздерінің 5жастарына қарамай кәрі аталар мен әжелер сияқты боласындар.
Жүргізуші: Фантик-Бантик, керек емес бізге сенің тәттілерін. Бізде бүгін мереке. Бұл бақшада өте көңілді, өте қызық балалар жиналған. Олар «Мистер Фантик» және «Кәмпит мадам» байқауына қатысады. Қарандаршы, олар «Фантиктер күніне» әдемі костюмдер киіп шыққан. Костюмдері өте керемет болған! (Балалар музыка ырғағымен Мода дефилесін көрсетеді).
Фантик-Бантик: Ал мен тағыда көп қызық ойындар білемін. Балалармен ойнағым келіп тұр.
· Кәне, балалар, менің сұрақтарыма жауап бересіңдер ме?
Сендер «Фантиктер күнін» тойлап жатырсындар ма? (Ия).
Әдемі костюмдерінді көрсеттіндер ме? (Ия).
Қуырылған шеге жейсіндер ме? (Жоқ).
Ащы бұрыш жейсіндер ме? (Жоқ).
Мерекені жалғастырамыз ба? (Ия).
Күліп ойнаймыз ба? (Ия)
Жазды ыстық сүйемін,
Сайрандап жүремін.
Қызық ойын ойнап,
Күніне күйемін.
Көңілді музыка ойналады, Фантик-Бантик музыка ырғағымен қимылдар жасайды, балалар қайталайды.
Жүргізуші: Балалар, жұмбақтың шешімін табындаршы?
Гүл ұшып гүлге қонады,
Гүл бақшам гүлге толады. (Көбелек).
Біздің мерекеге көбелектер ұшып келді. (Әр балаға фантиктен жасалған көбелек тарату).
Ойын «Қолшатыр» .
Музыка ырғағымен «көбелектер» ұшып жүреді, «жаңбыр» жауғанда қолшатырдың астына тығылады.
Ойын «Гүлдер».
Музыка ырғағымен «көбелектер» ұшып жүреді, музыка тоқтағанда гүлдерге қонады.
Ойын «Кәмпит».
6 баладан екі қатарға тұрады.Әр командаға үлкен кәмпит беріледі.
Тапсырма: шеңберге дейін жүгіріп барып, шеңберге қолындағы кәмпитті қойып, өз орына жүгіріп бару. Келесі ойыншы жүгіріп барып шеңбердегі кәмпитті алып орына қайта оралу керек.
Ойын «Мерген».
Ойынның шарты: Екі топқа бөлінеді. Әр топтың 1-1,5 м аралығына шелек қойылады. Осы шелекке кәмпитті лақтырады.
Фантик-Бантик: Балалар, сендер бүгін менің ойындарымды ойнап шықтыңдар. Бұл ойындар сендерге ұнады ма?
-Мен сендерді алдадым, менің сиқырлы қорапшамда сендерге әкелген тәттілерім бар. Сол тәттілерді сендерге берейін.
Сау, болыңдар! Кәмпитті көп жемеңдер. Ауырмаңдар.
Жүргізуші: Бүгінгі «Фантиктер күні» атты ойын-сауықтыру шарасы аяқталды. Сау, болыңыздар!