Текст
2017 жылдың 21 шілдесінде №7 «Айша» балабақшасының музыка жетекшісі Ә.Б.Жусупова «Табиғат-ортақ үйіміз» атты танымдық ойын-сауық кешін өткізді.
Мақсаты: балаларды қоршаған ортамен таныстыру, танымдық ой-өрістерін кеңейту, патриоттық сезімін ояту, оларды саналы, қамқоршы азамат болуларына ықпал жасау.
Ойын-сауық барысында балалар жайдарлы жаз мезгіліне саяхат жасады.Орман ішін қоқыстан тазалады, аңдарға, жанурларға, құстарға қамқоршы болды. Сонымен бірге мақал-мәтелдер, тыйым сөздер, өлең шумақтарын айтып, жұмбақтарды шешті, ойын ойнап көңілдерін көтерді.