«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы  Көкшетау қаласының «Айша» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли - сад «Айша» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области» 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Біздің рәміздер"

09.06.2017

Мақсаты: Балаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен таныстыру. Туды, Елтаңбаны және Гимнді танып білуге үйрету. Балаларға рәміздерді құрметтеуге, қастерлеуге, рәміздерді бәрінен биік ұстауға, рәміздердің әр элементтерін, бөлшектерін, атауларын жатқа білуге үйрету.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. (Ту,Елтаңба және Гимн)

Әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, өлең жолдарын қайталату, рәміздермен сурет бойынша таныстыру, сұрақ-жауап,ойын т.б.

Барысы:

Кіріспе:

·   Сәлеметсіңдерме балалар!Көңіл- күйіміз қалай?

-Балалар, біз қандай мемлекетте тұрамыз? 

·     Біздің ұлтымыз қандай?  Қазақ.

·     Біз қай тілде сөйлейміз?  Әрине қазақ тілінде.

· Ал,сендер біздің елді басқарып отырған Елбасымыздың есімін білесіңдер ме? Әрине Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.(суреттен көрсету)

·    Сендер мына суреттерден не көріп тұрсыңдар? (Ту, Елтаңба)

Балалар Тудың түсі көк. Көк түс болудың себебі адам бойына адалдық пен тазалық, үміт сияқты қасиеттеріне сәйкестенуі тегін емес, көк түс әрқашан бейбітшіліктің,тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі. Яғни аспанымыз ашық болсын дегеннің белгісі екен. Тудың қақ ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз және оң жағында оюдың суреті бар. Күннің көзі әрқашан күндей нұрымыз жарқын болсын деген ниетпен, дала бүркіті қазақ ұғымында дархандық пен қырағылық, биіктік пен бейнеленген.Тудың оң жағында қазақтың ұлттық оюының бейнеленуі біздің қазақ екенімізді білдіреді. Ал түстерінің сары болуының себебі сары түс молшылықтың байлықтың белгісі.

·    Келесі суретте Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасының ортасында шаңырақ бейнеленген. Ол Елтаңбаның жүрегі сияқты.

Шаңырақ еліміздің біртұтастығын, отбасы ошағын бейнелейді. Екі жағындағы қанатты тұлпар мәңгілік өмір, болашаққа үміт артқан сендер сияқты балалардың арманы, биік самғауы.

Жоғары жағындағы бес жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағына жол көрсетер жұлдызы. Елтаңбаның астынғы жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Біздің рәміздеріміздің бірі Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні, сөзін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев және Жұмекен Нәжімеденов жазған, әнін жазған композитор Шәмші Қалдаяқов.

Балалар Мемлекеттік Гимнді қалай болса солай орындауға болмайды, оны барлығымыз орнымыздан тұрып, оң қолымызды жүрек кеудемізге қойып бойымызды тік ұстап орындау керек.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні.

Сөзін жазғандар:Жұмекен Нәжімеденов,

Нұрсұлтан Назарбаев.

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.

Балалардың тақпақтары.

Желбірейді шалықтап

Қазақстан жалауы.

Көкке қыран қалықтап,

Қанат қағып барады.

Көк аспанда нұрлы Күн

Күлімдейді далама.

Бақыт тілеп тұр бүгін

Ол барлық пәк балаға.

Ұлттық өрнек мұрамыз

Адастырмас мұраттай.

Нық көтеріп тұрамыз

Жалауды біз құлатпай!

ЕЛТАҢБА

Бейнелеп сан ғасырды

Елтаңбасы елімнің,

Таратады хас үлгі

Киесіндей жерімнің.

Бабам тұлпар жаратты,

Құлынында танып-ақ.

Тұлпар барда қанатты,

Шайқалмайды шаңырақ.

Тәуелсіздік көркі ол да,

Өркениет өрінде.

Нұр төгеді ЕЛТАҢБА

Ақ орданың төрінде.

Музыка әуенімен залға Алдар көсе мұңайып келе жатады.

Жүргізуші: Алдар көсе, саған не болды? Неге мұңайып келе жатырсың?

Алдар көсе: Не болушы еді? Қайтадан бай алдап кетті тағы да.

Жүргізуші: Уайымдама, сенің көңіл-күйіңді біз көтереміз. Бізбен бірге би билеп, ойын ойнайсың ба?

Алдар көсе: Әрине (мұңды дауысымен).

Жүргізуші: Ендеше би билеген адамның көңіл-күйі жақсы болады демекші,  "Шаңырақ" деген ойынды ойнайық.

"Шаңырақ" ойыны.Ойынның шарты: Музыка әуені басталғанда балалар орындықты айналып жүреді, ал музыка әуені аяқталғанда, баладар орындықтағы орамалды төрт бұрышынан ұстап, жоғары көтеру керек.

Алдар көсе: Рахмет сендерге балалар. Бір шаңырақ астында тату-тәтті дос болған сондай жақсы екен. Байлық деп осыны айт. Менім достарым боласыңдар ма?

Жүргізуші: Әрине, біз сенімен дос боламыз, Алдар көсе.

Алдар көсе: Керемет! Онда, достарым, мен доп ойнауды жақсы көремін. Бірақ кіммен ойнауды білмей жүр едім, сондықтан сендермен бірге ойнайық.

Ойын "Кім жүйрік?"

Шарты: екі топқа бөлініп, әр топқа бір-бір доптан беріледі. Музыка әуені басталғанда, балалар допты берілген сызыққа дейін аяқпен теуіп, сосын кері қайтқанда қолдарыңа ұстап, жүгіріп келесі балаға беру керек.

Алдар көсе:

-Жақсы екен. Ал енді тағы бір ойын ойнайық.Бірақ бұл ойынға үлкенірек балалар қатысу керек. Ойынның аты: "Көңілді шар".

Ойынның шарты: Екі топқа бөліну керек. Әр топқа бір шар және бір таяқша беріледі. Музыка әуені басталғанда, бала таяқшамен шарды берілген сызыққа дейін жеткізу керек, сосын келесі балаға беру керек.

Алдар көсе:

- Жарайсыңдар, балалар! Сендер жүйрік екеңсіңдер! Рахмет сендерге балалар, менің көңіл-күйімді көтердіңдер, мен енді қайтайын, сау болыңдар!

Жүргізуші:

-Алдар көсе, балалар би билеуді жақсы көреді. Сен бізбен бірге билесең қайтеді?

Алдар көсе:

-Би билеуді мен жақсы көремін. Ал ендеше би билейік достарым!

Би "флешмоб".

Жүргізуші:

-Осымен бүгінгі біздің ойын-сауығымыз аяқталды. Сау болыңыздар!

Просмотров: 432


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст