Жаздың бірінші күнімен қатар келген 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні №7 «Айша» бала бақшасы балаларға ерекше көңіл – күй сыйлады.Таңертең балаларды балабақша ауласында ертегі кейіпкерлері қарсы алды. Балабақша, топ іші түрлі – түсті шарлармен, жалаушалармен безендірілді. Топта ерекше сәнді киінген тәрбиешілер балаларды жылы жүзбен мерекемен құттықтай отыра қабылдады. Сағат 9.30-10.00 –ге дейін музыка жетекшісі Айтенова Галия Құдайбергенқызы «Жаз хикаялары» музыкалық ойын – сауық , 10.30-11.00 –ге дейін музыка жетекшісі Садуова Айгерім Қанатқызы ересек топ балаларымен «Көңілді ойындар» ойын-сауығын, тәрбиешілер Ергалиева Әсемгүл Қайырғалиқызы, Амен Жадыра Саматқызы, Құрманаева Айгерім Серікбайқызы, Шешенгара Әсем Ерболатқызы, Хабиболла Ляйлягүл Хаберқызы түстен кейінгі уақытта Ертегіде қонақта: «Достығымыз жарасқан!» іс – шараларын өткізсе, мереке спорттық ойын - сауықтармен жалғасын тапты. Сағат 15.30 – да денешынықтыру нұсқаушысы Қибатова Бейнегүл Жеңісқызының ұйымдастыруымен «Ғажайып балалық шақ әлемі!» , сағат 16.00-де денешынықтыру нұсқаушылары Далелхан Бегжан мен Акбар Қанағатұлының жетекшілігімен «Көңілді старт» - спорттық сайысы өткізілді. Сонымен қатар балабақшаның 12 тәрбиеленушісі қаланың орталығында өткен мерекелік шеруге қатысты. Және 14 бала Сбербанктің ұйымдастыруымен өткізген мерекелік ойын – сауыққа шақырылды. Күн бала күлкісіне толы болды.