Білім беру саласы: Коммуникация, әлеумет, таным
Бөлімі: айналамен таныстыру, сөйлеуді дамыту, математика.
Тақырыбы: « Не? Қайда? Қашан?»
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың жыл бойы алған білімдерін сайысқа түсіру арқылы тиянақтау, білімдерін тереңдетіп, өз ойын жылдам жеткізуге, тез шешім қабылдауға үйрету, білімді, жан - жақты болуға , үш тілде сөйлеу қабілеттерін, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу.
Дамытушылық: Балалардың үш тілде сөйлей білулерін, логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой - өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Балалар арасындағы қарым-қатынас, қиын кезде біріне-бірі көмекке келу, сыйластықты қалыптастырып,
бауырмал болу сезімдерін тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, ойын, сұрақ-жауап, көрнекілік.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: сабақ мазмұнына байланысты слайд, мнемосхема, теледидар.
Полилингвальды компонент: Балық-рыба –fish, кәмпит- конфета- candy.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті | |||||||||||
Мотивациялық-ынталандырушылық
|
Шаттық шеңберін құру - Балалар, бүгін қандай жарқыраған көңілді күн. Бізге жылуын беріп тұрғанын сезіп тұрсыңдар ма? Олай болса, қайырымды күнмен, көк аспанмен, жер анамен амандасайық. Қайырлы таң, көк аспан! Қайырлы таң, жер- ана, Қайырлы таң, достарым, Сендерді көрсем қуанамын!
Здравствуй, солнце золотое! Здравствуй, небо голубое! Здравствуй, вольный ветерок! Здравствуй, миленький дружок.! Мы живём в одном краю- Всех я вас приветствую! Good day, good day, Good day, to you. Good day to sun Good day to new. Көңіл-күйлерін білдіру. (Балалар орындарына жайғасады). |
Балалар шеңберге тұрып, қазақ, орыс, ағылшын тілінде шаттық шеңберңн орындайды.
| |||||||||||
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
|
-Балалар, құрметті қонақтар, біздің бүгінгі «Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалды ойынымызға, қош келдіңіздер! Ойын шартымен таныстыратын болсам. Экранда 6 тор көз берілген. Әр тор көзде түрлі тақырыпқа байланысты сұрақтар, тапсырмалар. Осы тапсырмаларды орындағанда тапқырлық, зеректілік, шапшаңдық, білімділік қаситтерің көрінеді. Ойын соңында әр балаға сабаққа қатысқанына сәйкес төс белгі беріледі. Дайын болсаңдар , бірінші тор көзді ашайық. Мнемосызба бойынша жұмыс. Үй жануарлары: Сиыр- үй жануары. Сиырдың терісінің түсі әртүрлі болады. Қоңыр, қызыл, ақ, қара. 4 аяқты, 2 мүйізді басы домалақ, денесі сопақша, құйрығы ұзын үй жануары. Терісі қалың. Сиыр мөңірейді. Ол шөп жейді. Қорада өмір сүреді. Сиырдың төлі- бұзау. Сүт береді, сүттен- қаймақ, май, айран, сүзбе, ірімшік, құрт жасайды. Сиырдың етін тамақ ретінде пайдаланамыз. Тұшпара, котлет, манты, шұжық жасайды. Терісінен киім, аяқ-киім т.б. жасайды. Қой- үй жануарларының арасындағы ең жуас жануар. Қойдың терісінің түсі әртүрлі болады. Қоңыр, ақ, қара. 4 аяқты, басы домалақ, денесі сопақша, құйрығы қысқа үй жануары. Терісі қалың. Жүнмен жабылған. Қой маңырайды. Ол шөп, кебек, бидай жейді. Қорада өмір сүреді. Оның төлі- қозы. Қойдың жүнін қырқып, жуады,тарап, жіп жасайды. Кілем, мата киім жасайды. Етін де тағам ретінде пайдаланамыз. Терісін илеп, өңдеп, жылы тон, ішік, аяқ киім тігеді. Ешкі- үй жануарлары. Ешкінің терісінің түсі әртүрлі болады. Қоңыр, ақ, қара. 4 аяқты, басы сопақша, денесі сопақша, құйрығы қысқа үй жануары. Терісі қалың. Жүнмен жабылған. Ешкі мекіренеді. Ол шөп, кебек, бидай жейді. Қорада өмір сүреді. Ешкінің төлі- лақ. Ешкінің терісінен жылы киімдер тігеді. Ешкінің жүнін қырқып, жуады, тарап, түбіт жасайды. Кілем, мата киім жасайды. Етін де тағам ретінде пайдаланамыз. Терісін илеп, өңдеп, жылы тон, ішік, аяқ киім тігеді. Жылқы- ең жүйрік үй жануары. Жылқының терісінің түсі әртүрлі болады. Қоңыр, ақ, қара. 4 аяқты, басы сопақша, денесі сопақша, құйрығы ұзын үй жануары. Терісі қалың. Жылқы кісінейді. Ол шөп, кебек, бидай жейді. Қорада өмір сүреді. Оның төлі- құлын. Оны арба мен шанаға жегеді, мінеді, сүтін-қымыз деп атайды. Қымыз- көп ауруларға ем болып табылады. Жылқы етінен жал, жая, қазы, шұжық әзірленеді.Киім жасайды. Етін де тағам ретінде пайдаланамыз. Терісін илеп, өңдеп, жылы тон, ішік, аяқ киім тігеді. Екінші тор көзді ашайық. Математикалық тапсырма: 1) 17-ден артық,19-дан кем цифр 2)15-тен артық,17-ден кем цифр 3) 11-ден артық,13-тен кем цифр Үшінші торкөзді ашайық. Сары қорапша тапсырмасы. (Топқа сары қорапша музыка әуеніне сай енгізіледі.) -Балалар, бұл сары қорапшаның ішінде заттар бар. Осы заттарды тауып, атауларын атауымыз қажет. Сендерге көмек ретінде жұмбақ жасырамын. 1.Ол ертегіде ата мен әженің 3 тілегін орындады. 2.Ол суда жүзеді, аяқтары жоқ, қанаттары бар. Балық-рыба –fish.
2 буын, 5 әріп, 5 дыбыс, 2 дауысты, 2 дауыссыз дыбыс. Дыбыстық талдау жасалады. 1.Ол өте тәтті болады. 2.Кішкентай балалар оны көп жесе, тістерінде тісжегі пайда болады. Кәмпит- конфета- candy
2 буын, 6 әріп, 6 дыбыс, 2 дауысты, 4 дауыссыз дыбыс. Дыбыстық талдау жасалады. (Әр бала алдында тұрған ақ қағазға сөздерді жазып, дыбыстық талдау жасайды.) Төртінші торкөзді ашайық. Саусақ жаттығуы (сергіту сәті) Видеодан «Finger baby» жаттығуын орындайды. Балалар, осы жаттығуда айтылған туыстық атауларды жеке- жеке атап берейік. Әке - папа- фазэ Ана - мама - мазэ Аға - брат - бразэ Әпке - сестра - систэ. Мен - я - ай Бесінші торкөз ашылады. Таяқшадан сурет құрастыр
Сөйлем құралады. Алтыншы торкөз ашылады. Сөйлемдерді ауыстыр. Балалар ойнады- дети игрались. |_ _. Расчесала волосы- шашымды тарадым.|_ _. Учил уроки- сабақ оқыды. |_ _. Птицы прилетели- құстар ұшып келді. |_ _ _. На улице тепло- далада жылы. |_ _. Я люблю сой детский сад- мен өзімнің балабақшамды жақсы көремін. |_ _ _ _ _. |
Балалар мұқият тыңдайды.
Балалар мнемосызба бойынша сөйлем құрып, әңгімелейді.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Әртүрлі. Балалар 3 тілде қайталайды. Балалардың жауабы.
Балалар қимыл іс-әрекетпен сергіту сәтін орындайды.
Балалар жұмысты ретімен орындайды.
Балалардың жауаптары тыңдалады. | |||||||||||
Рефлексивті-түзетушілік
|
-Балалар біз өзге тілді жақсы меңгерсек те, ана тілімізді ешқашан ұмытпай, жадымызда ұстауымыз қажет. Ән: «Ана тілі» Барлық ұяшықтардың тапсырмалары өте жақсы орындалды, балалар. Көңілді, көңілсіз бетпердеге бару. Ендеше айтқанымдай сендердің әрбіреулеріңе «Зерек, білімді, зейінді бала» деген төс белгі беріледі. |
Әнді балалар ортаға шығып айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: жыл бойы алған білімдерін қолдана білді.
Қандай түсініктерді игерді: сөздерді үш тілде айту түсінігін игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: бір-біріне деген сыйластық, достық қарым-қатынас дағдысын меңгерді.