Мақсаты:
Білімділік:
Көктем туралы білімдерін толықтыра түсу,көктем ерекшеліктерін мерекелерді естеріне түсіре отырып әңгімелесу. Ғарыш,ғарышкер туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық:Есте сақтау қабілеттерін,ой-өрістерін,зейіндерін,көріп тану қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік:Батылдыққа,адамгершілікке,ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Ой қозғау, көрсету,әңгімелесу, сұрақ-жауап
Көрнекіліктер: Ғарышкерлер суреті, байқоңыр суреті, слайд
Сөздік жұмыс: Ғарыш айлағы
Шаттық шеңбері:
Армысың шапағатты күніміз,
Армысың мейірімді жеріміз.
Армысың табиғат – анамыз,
Келді Сізге өзіңіздің балаңыз
Ұйымдастыру кезеңі:
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінде қандай табиғи құбылыстарды байқадыңдар?
-Көктем мезгілінде неше ай бар?
-Сәуір айында қандай мейрам бар?
-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Күміс қанат сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі
Кеткен жанды кім дейді
Шешуін табыңыздар.
-Айға ұшып,айға сапар шеккен адамдарды ғарышкерлер дейміз
Балалар бүгін Сәуірдің 12-сі қандай күн білесіңдер ме?
- Ғарышкерлер
Балалар ғарыш дегенде көз алдарыңа не келеді?
Өз ойларын сұрау
- Ғарыш айлағы дегеніміз не?
Ғарыш айлағы дегеніміз – бұл зымыран, ғарыш серіктері мен үлкен ғарыш кемелері ұшырылатын орын.
Қазақстанның ғарыш айлағы бар ма?
Қалай аталады?
Байқоңыр.
Жарайсыңдар, балалар.
Атақты ұшқыш Ю. А. Гагарин ғарышқа ұшпас бұрын ең алғаш рет ешқандай өмір белгісі білінбеген, әрі суық, әрі тұңғиық ғарыш әлемінде ең алғашқы тіршілік иесінің жүрегі соқты. Бұл 1957 жылдың 3 қарашасында алғашқы жол салған Лайка атты ит болатын. Ол герметикалық қабықпен қапталған жер серігімен ұшырылып, аман – есен оралды. Лайка итінің артынан басқа да иттер ұшырылды. Олар 1960 жылдың 19 тамызында ұшырылған Белка және
Стрелка иттері болатын. Олармен бірге 40 тышқан, 2 сұртышқан, әртүрлі жәндіктер, өсімдіктер мен микроорганизмдер ұшырылады. Олар жерді 17 рет айналып оралды.
Сонан кейін Ю. Гагарин ұшты. Ал Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров 1991ж. Ғарышқа ұшты. Одан кейін төрт жылдан кейін қазақ азаматы Т. Мұсабаев ұшты.
2016 жылы яғни былтыр Қазақстанның үшінші ғарышкері Айдын айымбетов ғарышқа ұшты.Ғарышкерлер ғарышқа ұшарда қандай киім киеді?
-Скафандр
Ғарышқа ұшар алдында олар әр түрлі дайындықтан өтіп, арнайы білім алды. Ғарышта адам дем алатын ауа жоқ, көлеңке жақта қатты суық, күн түсіп тұрған жағы өте ыстық болады.
Сергіту сәті:
Аспан, аспан арайлым
Саған жиі қараймын
Сені көзбен шоламын
Мен ғарышкер боламын.
Жаңылтпаш
Ғарышкер ұшты ғарышқа,
Ғарышқа ұшты ғарышкер
Айтшы,ғарыш,алыс па?
Ойын: «Ұшты-ұшты»
«Ұшты-ұшты» зымыран ұшты.
«Ұшты-ұшты» қалам ұшты.
«Ұшты-ұшты» торғай ұшты.
«Ұшты-ұшты» кітап ұшты.
Ән: «Мен ғарышкер боламын»
Қорытынды:
1. Қазақтың тұңғыш ғарышкерлері кімдер?
2. Қазақстандағы ғарыш айлағы қалай аталады?
3. Ғарышкерлер қандай болу керек?
4. Адамдардан бұрын ғарышқа нелер ұшты?