2017 жылы наурыз айының 15 күні №7 «Айша» балабақшасының базасында Ақмола облысы инклюзивті білім беруді дамыту бойынша үйлестіру кеңесінің жоспарына сәйкес «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивтік білім беру кеңістігін құру» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинар жұмысына 50педагог қатысты - Ақмола облысы инклюзивтік білім беруді дамыту бойынша Үйлестіру кеңесінің мүшелері, Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-нің мамандары, инклюзивті білім беруді дамыту мен мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша Көкшетау қ. білім бөлімінің әдіскерлері, Көкшетау қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының меңгерушілері.
Мақсаты: балалардың жеке тұлғасынның қалыптасуына септігін тигізетін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде
бейімделу және түзету-дамытушылық орталық орнатуға үлес қосу.
Семинар 2 бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім практикалық және екінші бөлім теориялық бөлім болып жұмыс жүргізілді.
· Ұйымдастырылған оқу қызметін «Денсаулық», «Коммуникация», «Шығармашылық» білім беру салалары бойынша ашық көрсетілімдерді келесі педагогтар көрсетті: дене шынықтыру нұсқаушысы- Б.Ж.Кибатова, орыс тілі мұғалімі Т. Е. Можебаева, тәрбиешілер- А. Б. Рахимжанова, Л. К. Макатова, г.Ж.Абдульманова.
· «Педагогикалық шеберхана» тақырыбында әдістемелік нұсқаулықтар, шығармащылық жұмыстар, жобалар, лэпбуктар, М. Монтессори элементтерімен көрме ұйымдастырылды.
· Презентациялық- есеп мектепке дейінгі тәрбие білім берудің жаңаша жағдайында инклюзивті білім беруді ұйымдастыру (меңгеруші Б.Н.Нупилова), мектепке дейінгі жастағы ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін педагогикалық түзету көмегіндегі қолжетімділікті қамтамасыз етудің құқықтық негіздері (үйлестіруші А.Қ.Аленова), түзету және инклюзивтік білім беру кабинетінің қызметі ( ТИББК –нің әдіскері А.Ә.Орынбаева), логопункт аясында коррекциялық көмек көрсету жұмысын ұйымдастыру (логопед мұғалім Б.С.Боскумбаева), пәндік-дамытушылық ортаны ұйымдастыру (дефектолог мұғалім Д.Т.Тилеуова) , «Мықты батырлар» (медициналық ерекше айғақтары бар балалар үшін) қосымша білім беру бағдарламасының презентациясы (дене шынықтыру нұсқаушысыБ.Ж.Кибатова)
Семинардың соңында қатысушыларға ақпараттық – әдістемелік материалдар таратылды.