2017 жылы №7 « Айша» балабақшасында наурыздың он төрті күні «Отбасындағы әкенің рөлі» аты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Бала тәрбиесінде әкенің рөлі ерекше екендігін ұғыну және балабақша мен отбасының өзара байланысын, қарым-қатынасын нығайту мақсатында өткізілді. Дөңгеле үстелімізді балабақша меңгерушісі Нупилова Бану Нәбиқызы сәлемдесу сөзімен ашып берді. Қатысушылар: Әкелер, балабақша әкімшілігі, қонақтар «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы қоғамдық қорының басшысы Ракушев Берік Ұзақпайұлы болды. Дөңгелек үстел келесі жоспар бойынша өтті:1. Әкелермен танысу ойын - жаттығуы « Мен үшін әке болу бұл бақыт,жетістік, байлық,арман, дәреже, мәртебе,өмір, жауапкершілік.... )»
2. №7 « Аладдин» ортанғы тобының бүлдіршіндерінің қатысуымен «Қараусыз қалған бала» атты шағын көрініс
3. «Сіз жақсы әкесіз бе ?» тесті әкелерімізбен өткізілді. Әкелерге арналған кеңес жаднамасы таратылды.
4. « Әке, мен сенің 1 сағат уақытынды сатып алайыншы» бейнеролик тамашалынып, келген қонақтарымыз ойларымен бөлісті.