(Сырттан әуен дыбысы естіледі )
Жүргізуші: Сегізінші Наурыз! Табиғаттың өзі де бұл күні біздің аяулы аналарымызды, әжелерімізді, сүйкімді қыздарымызды даңққа бөлеп тұрғандай! Наурыз айының басында біздің еліміздің көптеген жерінде әлі де қар жатады.
Жүргізуші:
Бірақ, көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Бұл мереке тек көктем мерекесіне сай секілді. Өйткені көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды.
Би:«Флешмоб»
Жүргізуші:
- Қымбатты қонақтар, әжелер,ата-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.
Жүргізуші:
- Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар - өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз де аналарға
арналады.
Жүргізуші:
Әкелетін отабасына береке ең,
Әз аналар арамызда көп екен.
Жыл құсындай көктем сайын оралар,
Құтты болсын нұрға толы мерекең!
Жүргізуші:
Наурыз мейрам, жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр гүл көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен күн – Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
Ал, ендеше, аналарға арнаған өлең шумақтарын тарту етсін.
Ән: «Көктем келді»
Көктем кіреді:
Мен Көктеммін, Көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін.
Көзін ашып, бұлақтың,
Түбіне тал еккенмін.
Жайнататын бар гүлді,
Сайрататын бұлбұлды,
Тілеп жылға оң қадам,
Ән арнайды ел маған.
Тіршіліктің бастауы
Көктем айы мен болам.
Жүргізуші:
Көгеріпті төбешік,
Өңіріне шөп өсіп,
Бастап думан, сауықты,
Құстар әнге салыпты.
Алақайлап ақ бұлақ,
Көктем келіп қалыпты.
Қош келдің, Көктем!
Жүргізуші:
«Қариясы бар үйдің, қазынасы бар»,- деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді де құттықтай отырайық.
Балалардың әжелеріне арналған өлең шумақтары
Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды
Әсем ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй! – дегендей ана деп ән салсақ бәріміз де шаттанамыз. Қазіргі айтылатын ән сіздер жайлы!
Ән: «Әжем- анам»
Жүргізуші:
Жалықпастан үйреніп,
Бірнеше тіл біледі.
Шет тілінде балалар
Өлең айтып береді.
Ағылшынша ана туралы өлең шумақтарын айтады.
Ән: «Апатайым, анашым» орындайтын Омарбек Расул әкесімен
Би«Қазақша»
Жүргізуші:
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған,
Түн ұйқысын төрт болып,
Түнде бесік таянған,
Аялы қолды талпынтқан,
Қаймақты сүттей қалқытқан.
Ойын: «Ата-аналармен»
Көрініс: «Әжесі мен немересі»
Би: «Аналар мен ұлдар»
Балалардың өлең шумақтары
Жүргізуші:
Жарқын жүзді жан адам
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттық кетпес баладан.
Ән: «Анама» (Балалар дайындаған күннің көзін аналарына сыйлайды)
Балалар хормен:
Анашым күнім,
Жарқыраған нұрым.
Жүргізуші:
Аналар-ау менің шалқар көлдерім,
Көлдерім мен асқар-асқар белдерім,
Мына өмірде қуанышты жүргенім,
Сенің арқаң мына өмірге келгенім.
Жүргізуші:
Халқымызға билік айтар даналар,
Даналардың өзі аналардан жаралар,
Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін,
Сізден жақын адам бар ма аналар?- дей келе мерекелік еретгілігімізді аяқтаймыз!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар мерекелеріңіз құтты болсын! Келіп тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет!