«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы  Көкшетау қаласының «Айша» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли - сад «Айша» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области» 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Интеллектуалдық «Полиглот» ойыны

16.02.2017

2017 жылдың 16 ақпан күні №7 «Айша» балабақшасының №15 «Кішкентай Мук» ересек топ  балалары ата аналарымен бірге интеллектуалдық  «Полиглот» ойынына  қатысты. Бұл ойынның мақсаты: мектеп жасына дейінгі балардың шет тілін үйренуге  қызығушылығын оятып, 3 тілде сөйлеу дәрежесін қалыптастыру.

Ойынға 4 команда қатысты:

1 «Эрудит» командасы: -Ағзам Сайднұр Айбекұлы және әкесі Каскаров Айбек Ағзамұлы

2. «Интеллект»  командасы: -Тойшыбек Даниал Нұрланұлы және анасы Казкенова Галия

3. «Полиглот» командасы: - Манатов Алихан Абайұлы және анасы  Баязитова Динара Калымбековна

4. «Активист» командасы: -Валихан Хан Валиұлы және анасы Жамалиева Гульмира Сабырханқызы

Сайыс 5 турдан тұрды. 1- тур «Өзін-өзі таныстыру»; 2 -тур «Білімділер» – қазақ тілінде тапсырмалар берілді; 3- тур «Знайка» - орыс тілінде  тапсырмалар берілді; 4- тур «Happi Еnglish» – ағылшын тілінде диалог құрылып, «Мейрамханада», «Дүкенде», «Қонақүйде» атты қойылымдар көрсетілді. Ал 5- турда «Жиһангез-сөздер» атты тапсырманы ата аналар орындады. Балалар тапсырмаларды орындау барысында  тіл тазалығын, өзге тілге  деген ықыласы  мен қызығушылығын,  мемлекеттік тілді қалай меңгергенін көрсете білді.

  Тур арасында балалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ән шырқады.

Сайысқа қатысқан №15 «Кішкентай Мук» тобының  балалары мен олардың ата-аналарына әділқазылыр  өз бағасын

беріп, жеңімпаздарды Құрмет грамоталарымен марапаттады.

Просмотров: 304


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст