«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы  Көкшетау қаласының «Айша» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли - сад «Айша» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области» 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

« Су асты патшалығына саяхат»

27.01.2017

Білім беру саласы: Қатынас, шығармашылық, әлеумет.

Бөлімі: айналамен таныстыру, тіл дамыту, сурет.

Тақырыбы: « Су асты  патшалығына саяхат»

Мақсаты:

Білімділік: Сурет салудың дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерін меңгерту. Теңіз, жыртқыштар туралы мәлімет беру. Өз  ойын   жылдам жеткізуге, тез  шешім  қабылдауға  үйрету.

Дамытушылық: Балалардың үш тілде сөйлей білулерін, логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой - өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту. Балалардың буын, саусақ моторикасын дамыту.

Тәрбиелік: Балалар арасындағы қарым-қатынас, қиын кезде біріне-бірі көмекке келу, сыйластықты қалыптастырып, бауырмал болу сезімдерін тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, ойын, сұрақ-жауап, көрнекілік.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: ватманға салынған теңіздің суреті, екі стақан су, екі жұмыртқа, сабақ мазмұнына байланысты слайд.

Билингвальды компонент: сегізаяқ- осьминог- оctopus

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-ынталандырушылық

 

 

Шаттық шеңберін құру

-  Балалар, бүгін қандай жарқыраған көңілді күн. Бізге жылуын беріп тұрғанын сезіп тұрсыңдар ма? Олай болса, қайырымды күнмен,көк аспанмен, жер анамен амандасайық.

Қайырлы таң, көк аспан!

Қайырлы таң, жер- ана,

Қайырлы таң, достарым,

Сендерді көрсем қуанамын!

Здравствуй,солнце золотое!

Здравствуй,небо голубое!

Здравствуй,вольный ветерок!

Здравствуй, миленький дружок.!

Мы живём в одном краю-

Всех я вас приветствую!

Good day, good day,

Good day, to you.

Good day to sun

Good day to new.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар шеңберге тұрып, қазақ, орыс, ағылшын тілінде шаттық шеңберңн орындайды.

 

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

 

 

-Балалар, біз бүгін керемет те, қызықты, кей кездері қауіпке толы саяхатқа шығамыз.

(Теңіз толқынының дауысы шығады)

-Балалар, тыңдаңдаршы, бір дыбыс шығады, ол ненің дыбысы екен?

-Ал, енді, өзімізді теңізшілер ретінде сезініп, саяхатқа аттанайық (музыка ойнап тұрады)

Ән: «Туған Ел»

-  Қараңдаршы біз қайда келдік?

- Теңіз қандай?

-  Теңіз тағы қандай болады?

-  Дұрыс тұзды болады. Өйткені тұзды су адамды көтереді. Сондықтан да адам тұзды суда батпайды. Оны дәлелдеу үшін мынадай тәжірибе өткізіп көрейік. (Тәрбиеші үстелдің үстіне екі стақан су және жұмыртқа қояды.)

-  Менің қолымда екі стақан, біреуінде тұзды, екіншісінде тұщы су бар. Енді әр стақанға жұмыртқанысаламыз. Тұзды суда жұмыртқа су бетінде болады, ал тұщы  суда судың түбіне түседі. Осыдан қандай нәтиже шығаруға болады? (Тұзды суда жұмыртқа батпайды.)

-  Сондықтан тұзды су заттарды су бетінде ұстайды, адам жүзуге тез үйренеді. Енді біз сүңгуір қайыққа отырып, теңіз түбіне түсеміз.

-   (Теңіз түбінің суреті). Теңіз түбінде акула, теңіз жұлдызы, кит, дельфиндер, сегізаяқтар мекендейді.

«Теңізде мекендеушілері туралы әңгіме» (Видео)

-Мен сендерге сегізаяқтының отбасы туралы ерекше әңгіме айтып бергім келіп отыр. «Теңіз түбінде сегізаяқтылардың отбасы өмір сүріпті. Олардың балалары көп екен. Түстері де әртүрлі. Бір күні анасын көршісі қонаққа шақырады. Анасы балаларын әкесімен қалдырады. Әкесі оларды жуындырып, киіндіріп және тамақтандыруы керек еді. Әкесі балалардың бөлмесіне барса,олар жоқ екен. Әкесінің көңіл-күйі түсіп, балаларын қайдан табарын білмей,

ойланып отырып қалды».

-   Балалар, әкесінің көңіл-күйі қандай? Оған не болды? Қалай көмектесуге болады?

-  Балалар, алдымен сегізаяқты суреттейік. Оның несі бар?

-  Басы мен денесінің пішіні қандай?

-  Дұрыс, оның денесі мен басы дөңгелек, ең қызығы олар қосылған. Оларды неге сегізаяқ деп

атайды?

сегізаяқ-осьминог- оctopus

-  Балаларының түстері қандай?

-  Суретте көрсетілген қай түстегі сегізаяқ ұнады?

СЕРГІТУ СӘТІ: «Head and shoulders»

-Алдарыңда гуашы бар ыдыстар қойылған. Әркімнің өз бояуы бар.  Ал енді маған сол қолдың алақанын

көрсетіңдерші, оң қолға қылқаламды алып, алақанды гуашьпен бояймыз. Боялған алақанмен ақ қағазға мөр басамыз. Алақанымызды сүрткішпен сүртеміз.

Қағазымызды жоғарыдан төменге айналдырайық. Сегізаяқтылар шықты. Енді бас бармақты ақ гуашка батырамыз да, көздерін саламыз. Бармағымызды сүрткішке сүртеміз. Ал қазір балаң үйректі бармағымызды қызғылт түсті гуашьқа батырып, мына жерге мұрынын саламыз.  Кішкентай бөбек бармағымызды қара түсті бояуға салып көздерін жандандырамыз. Ақ түсті бояудың үстіне басамыз. Мақталы таяқша арқылы балдырларды саламыз. Міне, балалар, біз сегізаяқтыларды да таптық.

 - Салған суреттерімізді теңіз түбіне орналастырайық.

Қараңдаршы балалар, әкесі бізге қарап күлімсіреп тұр.

- Енді әкесінің көңіл-күйі қандай? Анасы да қонақтан оралды- бәрі дұрыс пе екен деп қарап, ол да күлімсіреді. Тыныш балалар! Әкесі бізге бір нәрсе айтқысы келген сияқты. Тыңдайық. Ол бізге көмегіміз үшін үлкен рахмет айтты.  Сүңгуір қайығымызға отырып, балабақшамызға оралайық.

Ән: «Туған ел»

Судың, көлдің, теңіздің толқын дыбысы.

 

 

Теңізге келдік.

Теңіз үлкен, көк, терең.

Тұзды болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сегізаяқтылардың суретін салу қажет.

Басы, денесі, қармауыштары.

Дөңгелек.

 

Өйткені оның сегіз аяғы бар.

 

Әртүрлі.

Балалар 3 тілде қайталайды.

Балалардың жауабы.

 

Балалар қимыл іс-әрекетпен сергіту сәтін орындайды.

 

Балалар жұмысты ретімен орындайды.

Салған жұмыстарын мольбертке орналастырады.

Рефлексивті-түзетушілік

 

 

- Біз сендермен қайда және немен сапар шектік?

Осы саяхат барысында не ұнады? Көңілді, көңілсіз бетпердеге баруды ұсыну.

-Біз теңізшілер командасы болмасақ та, достығымыз өте жарасымды.

 Балалардың жауаптары тыңдалады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Сурет салудың дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерін меңгереді.

Қандай түсініктерді игерді: Теңіз, жыртқыштар туралы түсінік игереді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: бір-біріне деген сыйластық, достық қарым-қатынас дағдысын  меңгерді.

 

Просмотров: 771


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст