Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы:11
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Қағаз және оның қасиеттері»
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға қағаз туралы және оның адам өмірінде алатын орны жайлы түсінік беру. Қағаз түрлерінің ерекшеліктерімен таныстыру.
Дамытушылық: Балалардың ой-өрісін, білімін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа,үнемшілдікке,тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Эксперименттік
Көрнекі құралдар: Бірнеше қағаз түрлері, қайшы,су,сүлгі,майшам.
Қолданылатын әдіс- тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап,салыстыру.
Сөздік жұмыс: Майысады,жанады,жыртылады,шиқырлайды,бүктеледі.
Билингвалды компонент: қағаз- бумага- paper.
Іс-әрекет кезеңдер |
Тәрбиеші әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Шаттық шеңбер: Біз қандаймыз,қандаймыз, Шығұлалы таңдаймыз. Жарқыраған күндейміз, Ренжуді білмейміз. Алақанды ашайық, Күннің нұрын шашайық. Таза ауаны жұтайық, Жүрекке жылу салайық. Жиналған жылы шуақты, Қонақтарға шашайық. |
Балалар бір-біріне жылы сөздерін айтады. |
Ұйымдастыру-ізденушілік |
I. –Балалар, бүгін бізде сабақ өзгеше өтеді. Бізге қонақтар келіп отыр,сондықтан тәртіпті болайық. Біз қағаз және оның қасиеті туралы әңгімелесеміз. Мен сендерді мына көрмеге шақырамын. -Көрмеде не көріп тұрсыңдар? -Осы заттар неден жасалған? -Қағаз не үшін қажет? -Ал қағазды неден жасайды екен? -Қайда жасайды? II. –Балалар,енді орындықтарға жайғасып отырып, назарымызды тақтаға аударайық. ( «Қағаз қалай жасалады?» слайд) III. Сергіту сәті. IV. –Енді мен сендерді зертханаға шақырамын. Мына ақ халаттарды киіп,орындыққа отырамыз. Алдымызда бірнеше қағаз түрлері жатыр. Қане,бірге зерттейік. -Қандай қағаз түрлері жатыр? -Қағазды қолымызбен ұстап көріп,қасиеттерін атаңдар. Тәжірбие №1. «Сиқырлы қағаз» Қорытынды: қағазға сурет салуға болады. Тәжірбие №2 . «Қағазды умаждау» Қорытынды: жұмсақ қағаз уқаланады, ал қатты умаждалмайды. Тәжірбие №3 . «Қағазды салыстыр» Қорытынды: қатырма қағаз жұқа қағазға қарағанда қалың. Тәжірбие №4 . «Қағазды жырту» Қорытынды: шүберек қағаздан берік. Тәжірбие №5. «Су мен қағаз» Қорытынды: қағаз судан қорқады. Қағаз берік емес материал. Тәжірбие №5. «Сытырлақ қағаз» Қорытынды: қағазды умаждағанда дыбыс шығарады. Тәжірбие №6. «Қағаз жанады» -Бұл тәжірбиені сендерге мен көрсетемін,өйткені бұл қауіпті. Мен мына майшаммен қағазды тұтатамын. Қорытынды: қағаз жанады. |
-Кітап,қағаздан жасалған бұймыдар,газет, журнал,түрлі-түсті қағаз, т.б. -Қағаздан жасалған -Жазуға,оқуға,сурет салуға,т.б. -Қағазды ағаштан жасайды. - Қағаз фабрикасында жасайды. Балалар сергіту сәтін орындайды. -Түс қағаз,қалың қатырма қағаз, түрлі-түсті қағаздар.
Бұдыр,тегіс,қатты,жұмсақ,т.б. Балалар фломастермен ақ қағазға сурет салады.
Екі алақанының арасына қағазды салып,умаждау.
Балалар екі түрлі қағазды қайшымен қияды.
Балалар қағаз бен шүберекті жыртады.
Балалар салфетканы суға салады.
Балалар сытырлақ қағазды умаждайды. |
Рефлексивті-түзетушілік |
Сабақты қорытындылау. -Балалар,бүгін қағаздың қандай қасиеттерін білдік? Балаларды мадақтау. Сыйлық тарату. |
-Қағаз жыртылады,жанады, қиылады,суланады, бүгіледі,сықырлайды. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: қағаз неден жасалатынын біледі.
Қандай түсініктерді игереді: жыртылады,жанады,қиылады,суланады,бүгіледі,шиқырлайды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ұқыпты,үнемді,таза жұмыс жасай алады.