Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көптілді білімді дамытуға жіті назар аударып «…еліміздің маңызды құндылықтарының бірі және басты артықшылығы – көпұлттылық пен көптілділік» деп атап көрсеткені белгілі. Президент жүктеген тапсырмаларға сәйкес, Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени бағдарламасын іске асыру мақсатында 2016жылғы 25 наурыздағы қалалық білім бөлімінің алқа отырысындағы шешімене орай 2016-2017 оқу жылы көптілді оқытудың түрлерін жоспарлау және жүргізу болып табылса осыған байланысты балабақшаның 25 педагогы оқу жылының басынан бастап ағылшын тілінің
бастапқы сатысы курсы бойынша оқып жатыр. Балабақшаның ағылшын тілі курсын үйренуші педагогтары үш саты
бойынша тест тапсырды. Біріншіден аудио тыңдалымы 25 сұраққа, ағылшын тілінің грамматикасынан 35 сұраққа және
текст оқып, сұрақтарға жауап беру бойынша 25 сұраққа жауап беріліп, сынақ тапсырылды. Сынақтан барлық педагогтар сүрінбей өтті. Болашақта ағылшын тілін өз жұмысымызда қолданарлықтай деңгейге жетеміз деген ойдамыз.