«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы  Көкшетау қаласының «Айша» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли - сад «Айша» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области» 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“Ғажайып матиматика”

13.01.2017

Білім саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математика

Кіріктірілген оқу қызметі: Шығармашылық,қатынас.

Мақсаты:

Білімділік:1-5 көлемінде сандық есептеу дағдысын,  сандарды тура және кері санауға, сұрақтарға толық жауап беруге үйрету.

Дамытушылық:балалардың білімін дамытушы ойындар арқылы әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып, салыстыру , санау дағдыларын ойын арқылы дамытып, математикалық тіл байлығын молайту, ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: балаларды іздемпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: сандар, логикалық тапсырмалар, ойыншықтар, дидактикалық материалдар, сиқырлы сандықша.

Блингвистикалық компоненттер:

Нөл-нол-zero

Бір-один-one

Екі-два-two

Үш-три-three

Төрт-четыре-four

Бес-пять-five

Әдіс-тәсілдер:шаттық шеңбері, сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, дамытушы ойындар, санамақ, сергіту жаттығулары, логикалық жұмбақтар.

Әрекеттің кезеңдері:

Ұйымдастырушылық-оятушылық

Тәрбиеші:Балалар, бүгінгі сабағымызға келіп отырған қонақтарымызбен сәлемдесейік. Балалар, шеңберге тұрып бір-бірімен, апайлармен амандасады.

Жылулық шеңбері:

Бала, бала баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа,

Батамызда қаламыз.

Тәрбиеші:Балалар, біз бүгін “Ғажайып матиматика” еліне саяхатқа барамыз.Біз немен және қалай барамыз деп ойлайсыңдар?Біз бүгін поезбен барамыз.Балалар поезбен келіп орындықтарына отырады.

Дидактикалық ойын: “Шатасқан вагондар”

-Қараңдаршы балалар мұнда шатасқан вагондар бар екен.Сол шатасқан вагондардың әрқайсысында сандар бар,ендеше сол сандар арқылы вагондарды рет-ретімен орналастырайық.

-Балалар вагондарды санымен рет-ретімен орналастырды.

-Балалар қараңдаршы вагондардың терезелерінде жұлдызшаға жасырылған тапсырмалар бар екен және сол тапсырмалардың жауабы сиқырлы сандықшада орналасқан екен.

Логикалық тапсырмалар:

-Аспанда неше күн бар? (1)

-Ешкіде неше мүйіз бар? (2)

-Бағдаршамда неше көз бар? (3)

-Машинаның неше дөңгелегі бар? (4)

-Жұлдыздың неше бұрышы бар? (5)

-Осы мезетте қонақ келеді.

-Балалар бізге кім қонаққа келді?

-Қызыл телпек

-Дұрыс айтасыңдар Қызыл телпек бізге құр қол келмепті бізге өзінің жұмбақтарын алып келіпті.Балалар жұмбақ жасыруға дайынбызба?

-Ия дайынбыз.

-Олай болса біз бір серігіп алайық сосын жұмбақ шешейік.

Сергіту сәті:

Бір, екі, үш хоп-хоп

Один, два, три хоп-хоп

One, two , three хоп-хоп

-Ал балалар бір серігіп алдық енді Қызыл телпектің жұмбақтарын шешейік.

Жұмбақтар:

1.Туысқан бес кісі,

 Бірінен- бірі кіші.

 Бәрінің аты бар,

 Ең кішісі шеткісі.   (Бес саусақ)

2.Екі ойыншықтің біреуін,

 Досың сұрап алды.

 Айтшы, сонда нешеуі,

 Өз қолыңда қалды?    (1)

3.Пісіп тұрған төрт алмұрт,

 Екі алмұртты бұтақтан.

 Алып жеді Асылхан,

 Қанша қалды алмұрттан?   (2)

4.Тал бойында тізіліп,

 Бес жапырақ тұр еді.

 Жел соқты да үзіліп,

 Ұшып кетті екеуі.

 Ілініп тұр әлі,

 Жапырақтың нешеуі?  (3)

5.Екі балапан тұр,

 Екі балапан отыр.

 Шатаспай тез ойлансаң,

 Тұрғаны бар, отырғаны,

 Барлығы қанша балапан?  (4)

6.Табақта төрт өрік,

 Қолымда бір өрік.

 Қосқанда барлығы,

 Болды неше өрік?    (5)

-Балалар жасырылған жұмбақтарды шеше білдіңдер жарайсыңдар. Енді біз сандарға байланысты бояғыштарды бояймыз,мен бір санын айтқанда сендер бір санын тауып бояуларың керек.

-Қызыл телпек барлығыңа рахметін айтып, қоштасады.

Дидактикалық ойын: “Санды тауып боя”

-Балалар жарайсыңдар сендер сандардың барлығын жақсы меңгеріпсіңдер.

Қорытындылау.

  - Балалар, өте тапқыр екенсіңдер. Берілген тапсырмалардың барлығын жақсы орындадыңдар. Ал енді мына көңілді смайлик медальдарды сендердің жақсы қатысқандарың үшін табыстаймын.

-Тәрбиеші әр балаға тілек айта отырып көңілді смайлик медальдарын табыстадйды.

-Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма?

-Біз бүгін өткен сабақта не істедік?

-Сабақ қызықты өтті ме?

-Несімен қызықты болды?

Балалар өз шамалары жеткенше жақсы жауап берді.

-Балалар сендерге көп рахмет!Келген қонақтармен қоштасып, рахмет айтайық.

Просмотров: 333


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст