«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы  Көкшетау қаласының «Айша» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли - сад «Айша» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области» 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Салт-дәстүрім-асыл- қазынам»

13.01.2017

Бала біздің болшағымыз.Әр баланың жеке қасиеттері мен қабілеттерін ашып, олардың өмір сүруге деген жаңа жолдарын үйрету. Баланың жан -жақты дені сау, үйлесімді болып өсуіне ата-аналарда ерекше көңіл бөледі. Атадан балаға мұра болған халық қазынасын баланың жан дүниесіне дарытуда , оның шығармашылық  қабілетін қалыптасыруда балабақшаның алатын орны ерекше. Сондықтанда салт-дәстүрді балабақшада бала бойына сіңіру қажет. Балабақша – тәрбие бесігінің бірі. Сондықтан да қазіргі заманға сай халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналардың бірі ретінде бағалап, тәрбие жұмысын қалай кешенді ұйыдастыруға болатынына тоқталмақпыз.  Адам баласы дүниеге келгеннен бастап, үнемі салт-дәстүр аясында өседі. Бала тәрбиесінде халыктың, тұрмыстық салт-дәстүрлердің туу себептерін, даму ерекшеліктерін ашып көрсетудің тәрбиелік мәні зор. Мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың жасерекшеліктеріне сай ата-баба дәстүрі мен халық педагогикасын басшылыққа алып, тәрбие жұмысын ғылыми негізде ұйымдастырып, ұтымды жүргізе білуіміз қажет. Ол үшін осы ұғымдардың мазмұнын түсіну керек.

«Салт – кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты әдет-ғұрып, дәстүр. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді.

Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол – қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі.

Халықымыздың тарихы мен салт-дәстүрлерін асыл мұраларымызды біліп оны қастерлеу әр адамның перзенттік парызы.Халықтың  салт-дәстүрлерін күнделікті ойын, сабақ, серуен, ертеңгілік бақылау кезінде, балаларды ұйқыға жатқызар алдында «Бесік жырын»  қолданамын. Балалармен бесікке бөлеу, тұсау кесу рәсімін өткізгенде  үлкен ақ жаулықты әжелерді қонаққа шақырып, олардан салт-дәстүріміздің сырларын үйренеміз.

Ал, ұлттық ойындар, ертегілер, бала бойына жігер беріп батылдыққа тәрбиелейді. Салт-дәстүр бала бойына сіңіру мақсатым, атадан жалғасып келе жатқан дәстүрлерді ұмытпай қолданып отыру.

Просмотров: 345


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст