Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің картасы
Тобы:
Білім беру саласы:Таным
Бөлімдері:Айналамен таныстыру
Тақырыбы: «Біздің айналамыздағы электр тоғы»
Мақсаты:Балалардың электр тоғы туралы білімдерін кеңейту. Қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету. Ізденушілік-танымдық қызметке қызығушылықтарын дамыту. Ұжыммен бірге жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиеші әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- Қозғаушылық |
Шеңбер болып тұрайық, Алақанды ашайық. Күннің нұрын салайық, Таза ауаны жұтайық, Жүрекке жылу салайық. Мейірімділік шоғын алайық, Жиналған жылы шуақты, Қонақтарға шашайық. |
Алақанымен үрлеу әдісімен бір-біріне үрлеу арқылы жылы лебіз білдіру
|
Ұйымдастыру- Ізденушілік |
-Балалар,бүгін бізде жай сабақ емес,өте қызықты сабақ болады.Бүгін сабақта біз электр тоғы туралы әңгімелесеміз. Қалай ойлайсыңдар мына сағат неге жүрмей тұр? -Дұрыс айтасыңдар,бұл сағатта батарейкасы жоқ. Қазір сағатқа біз батарейка саламыз(+;+/-;-). - Қараңдаршы,сағат істеп кетті. Неге?Қалай ойлайсыңдар?Бұл батарейкада қандай сиқырлы күш бар екен?Біз батарейканы сағатқа салғанда,электр тоғы кетті,сондықтан сағат жүріп кетті. -Балалар,айтыңдаршы,біздің топта электр тоғы бар ма?
|
Балалардың жауаптары.
-Тоқ сымдары,жарық сөндіргіш, электр көзі. |
Рефлексивті- түзетушілік |
-Электр тоғы деген не?Қайда тұрады? Неге ұқсайды? Ойын: «Тоқ сымдармен жүгіреді» Тоқ сымдармен жүгіреді, Бәрін іске келтіреді. Теледидар,ноутбуктар, Шаңсорғыш пен радиолар, Телефон бар,фен де бар, Күнделікті жарық бар, Болмай қалса тоқ егер, Не істейді адамдар? Электро құралдар туралы жұмбақтар жасыру. Слайдтағы суреттер бойынша жұмыс. Ойын: «Сыңарын тап» Қауіпсіздік ержелері бойынша әңгімелесу. Электр құралдар туралы өлеңдер. 1.Анашым қатаң айтқан, Тоққа барма,балақан! Ол жерде электр тоқ, Соғып қалар,қауіп көп. 2.Өмірге ол қауіпті, Анамның сөзі естен шықты, Барып қалдым сол кезде, Тиіп қалды тоқ көзіме. 3.Үйге келген ата-анам, Аң-таң болып,таң қалды, Үйдің іші жап-жарық, Комьютер тоққа қосылған, Теледидар оны қостаған. 4.Музыка қатты ойнаған, Баласы тұр дауыстап, Жарықты сен көп жақпа, Ата-анаңды сен ойла. Жаға берсең жарықты, Алмайды саған ойыншықты. 5. Шаңсорғышты сыйлыққа, Мен саған сыйлаймын. Шаңды сен енді ұмыт, Тазалықпен дос бол! Табиғаттағы электр тоғы туралы әңгіме. Сергіту сәті. Лабораторияға барып, тәжірибе жасау. 1. «Көбелектер» 2. «Тарақтар» 3. «Пенопалст» 4. «Шарлар» Сабақты қорытындылау. Балаларды сертификатпен мадақтау. |
Электр тоғы сымда тұрады.Моншақтарға ұқсайды. Шеңберге тұрып,тоқ туралы өлең шумағын айтады.
Видеоға қарап,сергіту сәтін орындау. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Электр тоқтың пайдасы туралы біледі;
Қандай түсініктерді игерді: Электр тоғы туралы мағдұмат алды;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Тәжірибе жасау дағдыларын меңгерді.