«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы  Көкшетау қаласының «Айша» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли - сад «Айша» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области» 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Модельді ресурстық орталығының жұмысы туралы

05.03.2018

Балалардың білім алуға тең құқылы ұстаңымын қарастыратын Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарына арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру  аясында ұйымдастырылмаған мүмкіндігі шектеулі  балаларға  кешенді  педагогикалық  түзетушілік қолдау көрсету мақсатында 2011 жылдың 1 ақпанынан бастап № 7 «Айша»

балабақшасында  түзету және инкюзивті білім беру кабинеті ашылып, бесінші  жыл жұмыс істейді. Түзету кабинетінде балабақшалар базасында ұйымдастырылмаған  1-ден 6 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі  балаларға арналған түзету және инкюзивті білім беру кабинетері.Түзету кабинеті мектеп жасына дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларды  біріктіру, отбасы, білім беру органдары мен ұйымдарының қатысуымен кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді. Балалар педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссия қорытындысы негізінде қабылданады.Түзету және инклюзивті білім беру кабинетінде білікті мамандар жұмыс істейді: логопед-мұғалім М.Н.Мухаметалина, дефектолог-мұғалім А.Ж.Искакова,психолог-мұғалім А.А.Орынбаева, емдеу дене шыңықтыру нұсқаушысы С.Т. Абенов, невропатолог Г.Ж.Мугжанова. ТЖИБК техникалық жабдықтармен және әдістемелік,дидактикалық материалдармен, қажетті ойыншықтармен жабдықталған. Ашылған уақыттан бастап осы күнге дейін 460 балаға қолдау көрсетілген.Бүгінгі күні жеке түзетушілік дамытушы бағдарламалар құрылып, мамандармен бірлескен топтық баға беріліп 23 балаға кешенді түзету қолдау көрсетілуде.

    2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту бойынша атқарылатын іс-шаралардың  2014-2018  жылдарға  арналған жоспарына сәйкес Көкшетау қаласы № 7 «Айша» балабақшасында Ақмола облысының  білім басқармасының  2015 жылы 28 тамызда № 236   бұйрығымен  мектепке дейінгі тәрбие мен білім жүйесінде инклюзивтік  білім  берудегі тәжіребені еңгізу бойынша модельді  ресурстық   орталығы   құрылған. Кәзіргі таңда бұл инклюзивті білім берудегі жаңашыл үрдіс болып табылады. Аталған модельді  ресурстық   орталығының  ережесі  мен  инклюзивтік білім беруді  даму  бағдарламасы құрастырылып бекітілді. Ресурстық орталықтың негізгі мақсаты: инклюзивті білім берудегі ұсыныстарды іске асыруды қамтамасыз етуге ыңғайлы және тиімді ортаны құрастыру, балабақшаның педагогикалық қызметкерлерін осы сала бойынша білімдерін көтеру, әдістемелік көмек көрсету. Ресурстық  орталықтың даму  бағдарламаны  жүзеге  асыру  жұмыстары 2015-2018 жылдарға арналған, 3  кезеңнен құрылады:

Алдынала дайындық кезеңі

1 кезең –инклюзивті білімді енгізу

2 кезең –инклюзивті білімді енгізу бойынша мониторинг

3 кезең –шығармашылық жұмыс ( семинарлар,конференциялар,инклюзивті білім беру сұрақтары бойынша тәжірибені жинақтау және тарату

Бекітілген жүмыс  жоспарларын  енгізуінде  ұйымдастыру сұрақтардан  басқа  келесі  жұмыстар іске асырған :

·Балабақшаның штаттық кестесіне инклюзивті білім беруді дамытуға қажетті қосымша келесі  бірліктерімен толықтырылды: үйлестіруші- 0,5 б, логопед – 1,0 б. , әлеуметтік педагог - 0,5 б.

· Кедергісіз қолжетімді ортаны  жасауға қажетті материалдық-техникалық жағдайлары жасалған: 2 пандус,емдік физкультура кабинеті, логопед,дефектолог, психолог кабинетері, музыка және дене шынықтыру залы талаптарға сай жабдықталған.

· Педагогикалық қызметкерлердің  білімдерін  көтеру  мақсатымен  оқыту  семинарлары  ұйымдастырылды - 2016

жылғы 20 сәуірде Ш.Уалиханов атындағы  Көкшетау мемлекеттік университетінде балабақшаның  31 педагогикалық  қызметкерлері  инклюзивті білім беру бойынша оқыту семинарға қатысып, сертификатқа ие болды. Келесі оқыту кезені  А.Мырзахметов атындағы  Көкшетау университетінің базасында ағымды жылдың маусым айында өтеді.

· Инклюзивті білм беруді енгізу  сұрақтарын  қарастыру балабақшаның жылдық жоспарына және  даму бағдарламасына енгізілген.

· Балабақшаның тәрбие жөнінде ерекше жағдайды талап ететін балаларға кешенді психологиялық- педагогикалық колдау көрсету қызметімен жұмыс жүргізіледі.2 логопед топтарында ПМПК қорытындысы негізінде 24 тіл кемістігі

бар балалар логопедтің, психологтың және дефектологтың  жеке және топтық түрінде қөмегін  алады, арнайы бағдарламалар бойынша тәрбиешілер жұмыс атқарады.

· 2015-2016 оқу жылдың қорытындысы бойынша, әр баланың жеке даму деңгейін ескере отырып, Көкшетау қалалық ПМПК-тің шешіміне сәйкес логопедтік  тобынан  8 балаға мектепте білім алуға ұсынылды, соның ішінде келесі

бағдарламамен оқуы: 2 балаға - жалпы білім беру, 5 балаға - ПДК бағдарламамен, 1 балаға - көмекші  бағдарламамен.

Сонымен қатар,тіл даму динамикасы жақсаруына байланысты 6 бала мектепке дейінгі бағдарламамен оқуы ұсынылып, логопед тобынан жалпы топқа логопунктте логопедтің қолдау көрсетумен  ауыстырылды.

·Ресурстық орталық логопедтері Б.С.Боскумбаева мен К.С.Айтымова балабақшадағы 30 тіл кемісті бар балалармен түзету жұмысын жүргізеді.Барлық балалардың ПМПК қорытындысы бойынша жолдамалары бар,  олармен жеке және топшамен дамыту-түзету жұмыстары жүйелі жүргізіледі. Ата-аналарға жеке кеңес беріледі.

·Меңгеруші Б.Н.Нупилова  Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің  мүшесі ретінде отырыстарына белсенді қатысады.

· Тәрбиеде ерекше қажеттілікті талап ететін балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету жөнінде тәжірибе алмасу, білімдерін жақсарту үшін арнайы білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасалады: 2016 жылы  24 ақпанда есту және тіл кемістігі бар балаларға арналған № 4 мектеп-интернат базасында өткен облыстық семинарда балабақшаның тәрбиешісі  С.Н.Нурмаганбетова «Мнемотехника әдісі арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың тілін дамыту» тақырыпта тәжерибесімен бөлісті.

· 2015  жылы 5-6 қарашада аралығында  тәрбиеші  А.Т.Калилаева «Тәрбиеде ерекше қажеттілікті талап ететін балаларды оқыту  барысында жалпы білім беру мекемелердің  желелі  өзара қарым қатынасы» Ауданаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысып  «Мектепке дейінгі жастағы  балаларға инклюзивтік білім берудің маныздылығы» деген  мақаласы шықты.

·Коррекция кабинетінің әдіскері А.А.Орынбаева Ақмола облысы арнайы және инклюзивтік білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінің секциялық отырысына қатысып, «№ 7 «Айша» балабақшасындағы коррекциялау кабинетінде оңалту және инклюзивті білім беру ұйымдастыруының ерекшеліктері» тақырыбында тәжерибесімен

презентация арқылы бөлісті.

·Коррекция кабинетінің әдіскері А.А.Орынбаева Ақмола облысы мектепке дейінгі ұйымдардың педагог қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында секциялық отырысына қатысу және «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің жаңаша жағдайында инклюзивті білім мазмұны және оны ұйымдастыру» тақырыпты презентация арқылы баяндама оқылды.

·23 қыркүйекте «Инклюзивті балабақша-инклюзивті мектеп- инклюзивті колледж» республикалық пилоттық жоба шеңберінде Қарағанды қ. «Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру мен дамытудың келешегі» тақырыбындағы Республикалық семинарға № 7 «Айша» балабақшасының ТИББК аәдіскері, педагог-психологы А.А.Орынбаева қатысты.

·Ақмола облысы білім басқармасының жоспарына сәйкес 2016  жылдың 17-18 қараша айында «Қазақстанның солтүстік аймақтары білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін мектептердің деңгейінде ерекше оқу қажеттіліктері бар оқушылардың оқуына инклюзивті тәжірибені енгізу бойынша желілік әрекеттестік» жобасының қорытындысы бойынша аймақаралық конференция жұмысына меңгеруші – Нупилова Бану Набиевна қатысты.

Сонымен қорыта айтқанда, оқытушылық тәжірибеде инклюзивті білім беру іске асыру өзектілігіне  күмән жоқ. Кабинетегі оқудың бұл түрі қажетті түзеу және білім беру, медициналық және әлеуметтік көмек көрсету үшін балалар санының көп мүмкіндік береді, баланың тұрғылықты жеріне мүмкіндігінше жақындату, ата-аналар консультативтік қолдау көрсету, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамды қабылдауға қоғамды дайындау. Қолайлы әлеуметтік жағдайлар мен мемлекеттік қолдау жасау мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірін жақсартуға мүмкіндік береді. Әрбір бала, ол кез келген қандай да болмасын - бірінші кезекте бірегей тұлға. Қазіргі таңда  әр балаға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие  сапалы білім беру өмір талабы болып табылады.

Просмотров: 782


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст