«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы  Көкшетау қаласының «Айша» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли - сад «Айша» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области» 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қ" дыбысы және әрпі

13.10.2020

 

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы                                                                                                              

Мектепалды даярлық тобы.

Топ: 12

Күні: 12.10.20

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сауат ашу

Тақырыбы: «Қ» дыбысы және әрпі.

Мақсаты: «Қ»дыбысымен және әрпімен таңыстырып,сөздерге дыбыстық талдау жасап білуге уйрету. «Қ» дыбысынан басталатын сөздерді буынға бөлу және сөздің «Қ» дыбысы қай жерде  кездесип тұрғанын таба білуге дағдыландыру. Сабақты ертегі арқылы өткізу.

Білімділік:  «Қ» дыбысы және әріпімен таныстыру, сөздерге дыбыстық талдау жасау;

Дамытушылық: Қысқа сөздерді оқу тілдерін дамыту;

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданатын көрнекі құралдар:  суреттер, қима әріптер.слайд,фламастер,планшет,ертегі кейіпкерлері

Оқу іс –әрекетінің кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Кел балалар,күлейік,

Күлкіменен жүрейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік

Балалар шаттық шеңберге тұрады.

 

 

Ұйымдастыру- іздестіру

-Қазір қандай мезгіл?

-Күз мезгілінде неше ай бар?

-Қазір қандай ай?

-Бүгін аптаның Нешінші күні,қандай күн?

 

Балалар сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ма?Олай болса бауырсақ ертегісіне саяхат жасап қайтайық.

Бауырсақ ертегісімен сабақ басталады.Тәрбиеші автордың,ертегі кейіпкерлерінің рөлін ойнайды.

      Ерте-ерте  ертеде,кемпір мен шал өмір сүріпті.Бірде шал кемпіріне менің бауырсақ жегім келеді.Бауырсақ пісір дейді.Кемпір мен ұнды қайдан аламын,үйде ұн жоқ дейді,сөйтіп кемпірі аздаған ұн тауып алып,бауырсақ пісіреді.Бауырсақ ыстық болғаннан кейін оны терезенің алдына суытуға қойып қояды.Бауырсақ жатып-жатып іші пысып,терезеден секіріп кетеді.Орман ішімен келе жатса,алдынан қоян атып шығады,бауырсақ қояннан аман қалу үшін,оның тапсырмасын орындауға келіседі.Бауырсақ балалардан көмек сұрайды.

1.Қоянның тапсырмасы:

Слайд арқылы өткен әріптер мен дыбыстарды қайталау,қандай дыбыстар мен әріптер екенін ажырату.

Қоян бауырсақты жібере салады.

Келе жатса алдынан қасқыр шығады,одан аман қалу үшін оның да тапсырмасын орындауға келіседі.Бауырсаққа тағы да балалар көмек береді.

2.Қасқырдың тапсырмасы:

Жұмбақ шешу

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

 

Қалқиып ұзын құлағы,

Елендеп қорқып тұрады.

 

  • Балалар сендер жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер, Балалар Жұмбақбай атаның жұмбағының шешулері қандай дыбыстан басталады?Ал ертегіде бауырсақ жаңа қандай орман аңдарына кездесті?ал олар қандай әріптен басталып тұр?

Қазир «Қ»дыбысы бар және ертегідегі ейіпкерлерімізге байланысты сергіту сәтін жасайық

 

 

Сергіту сәті:

Домалайды бауырсақ жан –жағына жалтақтап.

Секіреді қояндар ытқып-ытқып қорқақтап.

Аузымызды ашамыз,апанындай қасқырдың,

Қылмын-қылмын етеді ормандағы қу түлкі.

 

Бауырсақ шаршап –шалдығып келе жатса,алынан құ түлкі шығады.Бауырсаққа сені жеймін деп айтады,ол болса жеме сенің айтқанынның бәрін істеймін деп сөз беріп,балалардан көмек тағы да сұрайды.

4.Түлкінің тапсырмасы:

Балалардың алдарына суреттер беріледі,олар суреттің қандай әріптен құралып тұрғанын айту және талдаулары керек.

 

Ойын: «Мен қандаймын»

Қ дыбысына байланысты сөздер ойлап айту.

Мысалы: Түлкі мен қумын дейді

 

 

 

Балалар түлкі бауырсакты жібергісі келмейді,тағы бір тапсырмасын орындауымыз керек.

 

 Дәптермен жұмыс: «Қ» дыбысы мен әрпін жазуды үйрену.Балаларға ауада жазып көрсету.

Түлкі тапсырмасының барлығы орындалғанына қуанып бауырсақты жібере салды.Сөйтіп барлығы дос болып қалды.

Мақал-мәтел:

Досы көпті жау алмайды,ақылы көпті дау алмайды

 Күз

Үш

Қазан

Екінші

Сейсенбі

 

Иа

 

 

 

 

Балалар ертегіні мұқият тыңдайды, бауырсаққа тапсырманы орындауға көмектеседі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А,Т,О,Ғ,Р,Н,М

Дауыссыз,дауысты дыбыстар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қой

 

 

Қоян

 

 

 

 

 

 

Қ дыбысынан басталады.

Қоян,Қасқыр

 

 

 

 

 

 

Қайталайды

 

 

 

 

Жасайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар сурет арқылы сөздерді жеке-жекетқтаға шығып талдайды

 

Қуаныштымын,

Қуаттымын

Қарапайыммын,

Қиялшылмын

Қорқақпын

 

 

 

 

 

 

Тапсырманы орындайды

 

 

Планшетке жазады

 

 

 

 

Қайталайды

 

 

 

Рефлексивтік – түзетушілік

  • Бүгін біз қандай ертегінің кейіпкерлерінің тапсырмаларын орындадық?
  • Бауырсаққа біздің көмегіміз тиді ма?Ал бауырсақ сөзінде «Қ»дыбысы бар ма?
  •  Біз бүгін қандай дыбысты өттік?
  • «Қ» дыбысы дауысты ма, әлде дауыссыз ба?
  • Балалар смайлик арқылы сабақты бағалайды.

Балаларды мадақтау

 

Бауырсақ

 

 

 

 

Иа

Бар

«Қ» дыбысы

 

 

Дауыссыз

 

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі:Дыбыстарды ажырата біледі

 Игерді: «Қ» дыбысының дауыссыз дыбыс екенін

Меңгерді: «Қ» дыбысын дұрыс айта білу дағдыларын

                                                                                        

 

                                                                                      Тәрбиеші:Темирбаева Д.Ж

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 354


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст