Мақсаты: балаларды қоршаған ортамен таныстыру, танымдық ой-өрістерін кеңейту, патриоттық сезімін ояту, оларды саналы, қамқоршы азамат болуларына ықпал жасау.
Ойын-сауық барысы:
("Как прекрасен этот мир" әні қосылып тұрады)
Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі күн қандай керемет! Балалар, қазір кандай жыл мезгілі? (Балалардың жауабы)
Жүргізуші:
Балалар, жазды неге "жайдарлы жаз" деп атайды?
Өйткені жазда күннің көзі жарқырып, орман жидекке, саңырау құлаққа және жайлау әдемі, хош иісті гүлдерге толады. Күн ерте шығады, онымен бірге табиғат оянады.
-Балалар, біз ғажайып орманға барып қыдырсақ қалай қарайсындар?
( ормандағы құстардың дыбысы естіледі)
Жүргізуші:
Табиғат ол анамыз,
Табиғатқа барамыз,
Құшағында ойнаймыз,
Шаттық әнге саламыз!
Жазда аралап тауында
Боламыз біз бауында,
Өзеніне шомылып
Жүгіреміз жауында!
Балаларды қарсы алып , алдарынан қоян шығады.
Қоян: Сәлеметсіңдер ме, орман қонақтары.
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Қоян: Балалар, орманға қош келдіңдер! Орман ол менің және басқа да көптеген аңдар мен құстардың үйі! Ал, сендер біреудің үйіне қонаққа барғанда тәртіпті боласыңдар ма?
(Балалардың жауабы)
Қоян: Олай болса, сендер орманда не істеуге болмайтынын айтыңдаршы.
( суреттерді көрсету)
Жанып тұрған от қалдыруға болмайды;
қоқыс тастамау;
ағаштардың бұтақтарын сындырмау;
құстардың ұясын бұзбау;
құмырсқалардың үйін қопармау;
Қоян: Керемет балалар! Енді менің көзім жетті, сендер табиғаттың нағыз достары, қорғаушылары екенсіңдер. Менің үйім орманға қош келдіңдер!!!
Мен сендерге өте риза болдым, көңілді көтеріп, ойын ойнағым келіп тұр. Балалар, ойын ойнасыңдар ма? ( балалрдың жауабы)
Ойын: "Жақсы және жаман" .
Ойынның шарты: балалар шеңбермен отырады, ортаға жүргізуші шығып балаларға допты лақтырып орманда жасауға болатын және жасауға болмайтын істерді айтады. Болатын іс қимылды айтып лақтырса-допты ұстап алу керек, ал болмайтын іс қимылды айтып лақтырса – допты ұстамай итеріп жіберу керек. Бала қателессе - ортаға шығып жүргізуші болады.
Қоян: Балалар,мен сендермен серуенге бірге барсам болама?
( балалардың жауабы)
Барлық балалар орындарынан тұрып музыка ырғағымен орнында жүреді. Алдарынан түлкі шығады.
Түлкі: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
(Балалардың жауабы)
Түлкі: Сендер мені таныдыңдар ма? Балалар, сендер менің қызыл кітабымды көрген жоқсындар ма?
Мен оны жоғалтып алдым, ол менің киіміме өте жарасымды еді. Балалар, мен өте сұлумын ба? Мен сиақты әдемі аңдар орманда жойылып барады. Ал сендер «Қызыл кітап» не екенін білесіңдер ме? Ол неге қызыл?
«Қызыл кітап» ол қауыптің белгісі. « Қызыл кітапқа» өте сирек кездесетін және мен сияқты жойылып бара жатқан жануарлар кіреді. Жарайды балалар, мен кетейін, кітабымды табайын. ( түлкі көңілсіз болып кеткелі болады).
Жүргізуші: Тоқта, түлкі. Біз саған кітабыңды іздестіруге көмектесейік. Балалар, көмек береміз бе? (балалардың жауабы) Оны табу үшін , ойлануымыз керек. Алдымен, біз кітаппен танысайық.
(слайд арқылы «Қызыл кітаптың» сыртқы келбетімен және ішіндегі жануарларымен таныстыру)
-Барыс, ақбөкен, ақтырна, арқар, жалғабай, қара құйрық, қара құлақ, қоқиқаз, қосаяқ, т.б.
(Балалар «Қызыл кітапты» тауып алады да оны түлкіге қайтарады)
Түлкі: Алақай!!! рахмет сендерге, балалар! Менің қуанышым қойныма симай барады, барлығымыз бірге бір би билеп алсақ қалай қарайсындар?
( барлығы «Буги- вуги» биін билейді)
(Аянышты музыка қосылады, аю мен қасқыр көңілсіз болып ортаға шығып, жерге отырады)
Жүргізіші: Аю, қасқыр сендерге не болды? Неге мұңайып отырсындар?
Аю: Қуанатын түгі де жоқ... мына орманға қараңдаршы , адамар келіп қоқыстап кетті, күн шыққысы келмейді, жел де соқпайды, су да ақпайды, тіпті құстар да ән салғылары келмейді... ( екеуі жылайды).
Жүргізуші: Тоқтаңдар, мұңаймаңдар!Біздің балалар орманды тазалап, оятуға көмектеседі.
Ойын: "Қоқыс жинау" (шашылып жатқан қоқысты балалар екі себетке музыка ырғағымен жинайды)
Қасқыр: Балалар, рахмет сендерге! Орманымыз тазарды. Енді оны ояту үшін сендер жұмбақ шешіңдер. Сендер жұмбақ шеше аласыңдар ма? (балалардың жауабы)
Жұмбақтар:
Жылт жылт еткен, тіршіліктің нәрі
Жылғадан өткен, тазалықтың әрі. (су)
(Балалар «су» деп хормен айтқан кезде судың сылдыры естіледі.)
Аяғы жоқ, қолы жоқ
Жүретұғын жолы жоқ. (жел)
(Балалар «жел» деп хормен айтқан кезде желдің дыбысы естіледі.)
Жұрттың бәрін сүйеді,
Бірақ қарай алмайды. (күн)
Жүргізуші: Балалар, сендер нағыз табиғаттың қорғаушылары екендеріңді дәлелдедіңдер! Орманымыз оянды!
(Жануарлар балаларға өздерінің ризашылығын білдіріп рахметтерін айтады.)
Жүргізуші: Балалар! Бұл саяхатта нені білдік? (балалардың жауабы) Табиғат пен жануарларды қорғау керек. Балабақша ауласында өсімдіктер бар ма? Олар қандай өсімдіктер? Ал гүлдер өсе ме? Біздің бақшамыздың ауласы әдемі ме? Мен сендерге бақшамыздың ауласын одан әрі гүлдендіруді ұсынғым келіп тұр. Түрлі түсті борларымызды алып , бақша ауласындағы асфальтқа гүлдердің, ағаштардың суреттерін салайық.
(Барлық балалар далаға шығып, асфальтта сурет салады)