«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы  Көкшетау қаласының «Айша» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли - сад «Айша» города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области» 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектепке дейінгі мекемеде тіл үшбірлігін дамыту жұмыстары»

24.05.2017

«Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын, кешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры» деп  Б.Момышұлы атамыз айтқандай тіл елмен елді таныстырып, табыстыратын басты құрал.

      Бүгінгі таңда елімізде «Көптілділік» мәселесі көкейкесті мәселелердің бірі болып саналады. Елбасымыз сол үшін де тілдердің үштұғырлылығын міндеттеп отыр. 

     Қалалық білім бөлімі алқа отырысының 2016 жылғы 28 наурыздағы шешіміне сәйкес тіл үшбірлігін дамыту  бойынша  2016 -2017 оқу жылы қыркүйек айынан бастап  бала бақша жұмыс жасады. Осы жүргізілген жұмыстармен іс – тәжірибені бөлісу  мақсатында  қаланың бес бала бақшасының қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі мұғалімдерінің басын қосқан «Мектепке дейінгі мекемеде тіл үшбірлігін дамыту жұмыстары» тақырыбымен қалалық  семинар мамыр айының 24 күні болып өтті. Семинарда  ағылшын тілі мұғалімі Менда Құралай «Балабақшада ағылшын тілін үйретудің әдіс – тәсілдері мен жолдары»  атты презентация жасаса,№15 ересек тобының балалары ертегілерді үш тілде

1.«Үйшік» еретегісі қазақ тілінде

2.«Бауырсақ» ертегісі орыс тілінде

3.«Қызыл телпек» ертегісін ағылшын тілінде сахналап көрсетті.

№14 ересек топ балалары балабақшамен қоштасу «School bag» көрінісін  ағылшын тілінде ойнады. Сонымен қатар бала бақша педагогтары «Шалқан» ертегісін  ағылшын тілінде назарға ұсынды. Семинар мазмұнды, жинақы, көңілге қонымды болды. Семинардың соңы пікір алмасумен аяқталды.

Просмотров: 291


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст